Талдау және мониторинг бөлімінің 2017 жылы І тоқсанда атқарған жұмысының есебі

Талдау және мониторинг бөлімінің 2017 жылы І тоқсанда атқарған жұмысының есебі

Ішкі саясат басқармасы 2017 жылы келесі әлеуметтанулық зертттеулерді жоспарлады:

1. «Алматы облысындағы қоғамдық-саяси ахуалды әлеуметтанулық зерттеу» (тоқсан сайын, 3000 респондент, фокус-топтар, терең сұхбаттар).

2. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қоғамдық мониторинг», (жылына 2 рет, 3000 респондент, фокус-топтар, терең сұхбаттар).

3. ІІ жарты жылдықта «Репатрианттар мәселесі бойынша әлеуметтанулық зерттеу» (2000 респондент, фокус-топтар, терең сұхбаттар ұйымдастыру).

Үстіміздегі жылдың І тоқсанында облыс тұрғындардың пікірін анықтау бойынша 4 жедел-сауалнама өткізді, оған 3386 респондент қатысты:

* облыстағы қоғамдық-саяси ахуалды зерделеу;

* облыс тұрғындарының билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері бойынша пікірін анықтау;

- ҚР терроризм мен экстремизм мәселелеріне байланысты кейбір заңнамалық құжаттарына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға байланысты облыс тұрғындарының пікірін анықтау;

- Облыс тұрғындарының Қазақстан Республикасының

Президентінің 2017 жылдың 31 қаңтардағы Қазақстан халқына

Жолдауын қабылдау деңгейін анықтау.

Әлеуметтік сауалнама нәтижелерін қорытындылай келе, облыстағы қоғамдық-саяси жағдай бірқалыпты, әр түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы достық қарым-қатынас орныққан, тұрғындардың көңіл-күйі позитивті және тұрғындардың басым бөлігі мемлекеттік саясатқа оң көзқараста екендігін атап өтуге болады.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы Конституциялық Заң талаптарын орындау мақсатында облыс әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес Кербұлақ, Қаратал аудандарында 25 мемлекеттік мекеме мен білім ұйымдарында мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталуына қадағалау жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді.

Search