Ереже

ЕРЕЖЕ

Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы «08 » шілде № 365 қаулысына қосымша 

«Алматы облысының ішкі саясат басқармасы»

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

1..Жалпы ережелер 

1..«Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2..Басқарманың ведомствалары жоқ.

3..Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4..Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5..Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6..Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7..Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8..Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9..Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 38 үй. Индекс 040000.

10..Мемлекеттік органның толық атауы – «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

11..Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады. Басқарманың құрылтайшысы және уәкілетті органы Алматы облыс әкімінің аппараты болып табылады.

12..Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13..Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2..Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14..Басқарманың миссиясы: 

Ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқарудың функциясын жүзеге асыру Басқарманың миссиясы болып табылады.

15..Міндеттері: 1).өңірде ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;

2).Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс әкімінің Басқарманың құзырына қатысты мәселелері бойынша актілер мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;

3).Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттарды өңірде түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету;

4).ішкі саясат саласында өңірлік маңызы бар бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;

5).өңірдегі ішкі саяси процестерді және олардың даму үрдістерін зерделеу мен талдау жүргізуді қамтамасыз ету;

6) азаматтық қоғам институттарымен, өңірдің қоғам жұртшылығының өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау.

16..Функциялары:

1).ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша, оның ішінде білім, денсаулық сақтау, тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз ету және қорғау, жұмыспен қамту, этносаралық және конфессияаралық келісім, патриоттық тәрбие беру және жастар саясаты, мемлекеттік рәміздер, тіл, ақпараттық, мәдени, гендерлік және отбасылық-демографиялық салалардағы мәселелерді насихаттау бойынша өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін ақпараттық-идеологиялық сүйемелдеу;

2).ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз етуге бағытталған практикалық және өзге де іс-шаралар кешенін іске асыру;

3).өңірдегі ірі қоғамдық-маңызды іс-шараларды ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық-техникалық сүйемелдеу;

4).әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және өзге де салалардағы жергілікті атқарушы органдардың қызметтері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

5).Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру мен насихаттау жөніндегі республикалық және өңірлік деңгейдегі ақпараттық-насихаттық топтардың өңірдегі қызметін ұйымдастыру, ақпараттық-насихаттық топтарын ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету;

6) саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, этномәдени және діни бірлестіктермен, құқық қорғау және басқа да қоғамдық ұйымдармен, кәсіподақтармен, бұқаралық ақпарат құралдармен (бұдан әрі - БАҚ), ғылыми және шығармашылық қауымдастық, қоғамдық пікір жетекшілерімен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;

7).Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімінің жанында әрекет ететін консультативті-кеңесші органдар мен жұмыс топтарының қызметтерін қамтамасыз ету;

8).өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалға талдау жасау және болжау, оның ішінде саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктердің және ұйымдардың қызметтеріне мониторинг жасауды ұйымдастыру, әлеуметтік және саяси зерттеулер жүргізу;

9).өңірдегі мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде БАҚ-тың мемлекеттік ақпараттық тапсырыстарды орындау жөніндегі қызметтерін әдістемелік қолдау және қызметтерді үйлестіру, БАҚ туралы заңнаманы сақтау жөніндегі қызметке мониторинг жасау;

10).әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде конкурстық рәсімдер мен жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу;

11).концептуалдық құжаттарды әзірлеуге, Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша облыс әкімі актілер жобаларын дайындауға және сараптама жасауға қатысу;

12).жоғары тұрған мемлекеттік органдармен, Парламентпен, мәслихаттармен, облыс әкімінің аппаратымен, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығымен Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;

13).Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша ақпараттық деректер базасын жасақтау, жинақтау, жинап қорыту және жіктеу;

14).Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.

17..Құқықтары мен міндеттері:

1).мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпараттарды белгіленген тәртіппен сұрауға, Басқарманың құзырына кіретін мәселелерді пысықтауға мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;

2).жергілікті атқарушы органдардың ішкі саясат саласындағы қызметтерін жетілдіру бойынша облыс әкіміне ұсыныстар енгізуге; 3).Басқарманың қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тапсырмалар беруге, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдардың өткізетін іс-шараларына қатысуға;

4) Басқарманың құзыретіне кіретін мемлекеттік, салалық бағдарламаларға ақпараттық сүйемелдеу көрсету;

5).мирастық құқығы бойынша бағынысты мекемелер құру, оларға ие болу және олардың қызметтерін үйлестіруге;

6).лауазымды тұлғаларға және мемлекеттік органдарға Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша консультативтік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастыру-техникалық және өзге де көмектер көрсетуге.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

18..Басқармаға басшылықты басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19..Басқарманың бірінші басшысын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің келісуімен облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20..Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21..Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:

1).өз орынбасарларының және Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;

2).Басқарма қызметкерлерін тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

3).белгіленген заңнамалық тәртіппен Басқарма қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;

4).белгіленген заңнамалық тәртіппен Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза тағайындайды;

5).өз құзырының шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

6).Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;

7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;

8).Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді, бағдарламалардың жобаларын және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;

9).Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмыстарды бақылайды;

10).бюджеттік бағдарламаның іске асырылу барысын үйлестіреді;

11).белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызметтер мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты орындалуын бақылайды;

12).заңдылықтың, Басқарманың қызметіндегі келісімшарттық және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;

13).жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады және жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;

14).Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.

Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды. 

22..Бірінші басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

23. Басқарма жұмысының тәржімесі 41 сағаттан аспайтын екі демалыс күні бар 5 күндік жұмыс аптасымен белгіленеді. Алдын ала белгіленбеген және кейінгі қалдыруға болмайтын, шұғыл орындалуынан басқарманың алдағы кезеңдегі дұрыс (тоқтаусыз) қызметі тікелей байланысты жұмысты орындау үшін басқарма басшысының жазбаша өкімімен жекелеген қызметкерлер тартылуы мүмкін, олар қызметке демалыс және мереке күндері келуге міндетті, бұл жұмысқа Қазақстан Республикасы еңбек заңына сәйкес өтемі төленеді.

4. Басқарманың мүлкi

24..Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.

Басқарманың мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. Басқармаға бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5..Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

27..Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

Басқарманың қарамағында ұйымдар қарастырылмағын.

Search