Жалпы ақпарат

Саяси партиялар және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс істеу бөлімі Басқарманың стратегиялық міндеттеріне сәйкес ішкі саясат саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

Бөлім құрылымына – бөлім басшысы, екі бас маман кіреді.

Бөлім мақсаты – саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, және басқа да қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру, аймақтағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа мониторинг жүргізу болып табылады.

Облыс көлемінде республикалық саяси партиялардың 6 филиалдары тіркелген. 388 үкіметтік емес ұйымдар белсенді түрде қызмет атқарады, олардың 60 пайызы ауылдық жерлерде орналасқан.

Әлеуметтік маңызды жобаларды орындауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың іске асырылуын қамтамасыз етеді, оның ішінде конкурстық рәсімдер мен жобалардың орындалу барысына мониторинг жүргізеді, үкіметтік емес ұйымдарға әдістемелік, ақпараттық кеңес беріп, қолдау көрсетеді.

Құрамына саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енгізілген Азаматтық қоғам институттарының өзара әрекеттестігі жөніндегі облыстық Кеңес отырыстарының жұмысын үйлестіреді.

Search