Мақсаттары мен міндеттері

Мақсаттары мен міндеттері

Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ереже

Ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдары мониторингі бөлімі (одан әрі – бөлім) ішкі саясат басқармасының (одан әрі – басқарма) құрылымдық бөлім болып табылады.

Бөлім мемлекеттік органдардың аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарымен қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді. Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік органдардың қызметін жариялауға журналистердің кәсіптік ұйымдарымен қарым- қатынасын қамтамасыз етеді;

Бөлім қызметінің құқықтық негізін ҚР Конституциясы мен ҚР заңдары және басқа да нормативтік, құқықтық актілері, Басқарма туралы ереже және бөлім ережесі құрайды.

Бөлім туралы ереже, оның міндеттері, қызмет ауқымы мен құқықтары, қызметкерлер арасындағы атқаратын міндеттерді басқарма бастығы бекітеді.

2. Қызметтік құрылым және ұйымдастыру

Бөлім құрылымына – бөлім басшысы, екі бас маман кіреді, олар әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер болып табылады және оларды қызметке алу мен босату ҚР заңдарына сәйкес жүргізіледі.

Бөлім бастығы:

бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды;

бөлім мамандарының шығармашылық және кәсіптік жұмысын қамтамасыз етеді;

бөлімнің ұзақ мерзімге және өтпелі кезеңге арналған жоспарларын әзірлейді, олардың орындалуына бақылау жасайды;

бөлімнің құзырына кіретін мәселелерге (одан әрі - лауазымға ) байланысты жергілікті мемлекеттік органдармен өзара байланысын ұйымдастырады.

3. Бөлім мақсаттары
Мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру шеңберінде аймақ тұрғындарының әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру

4.1.Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтарын өңірде түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету.

4.2. Өңірдегі мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде БАҚ мемлекеттік ақпараттық тапсырыстарды орындау жөніндегі қызметтерін әдістемелік қолдау және олардың қызметтерін үйлестіру, БАҚ заңнаманы сақтау жөніндегі қызметіне мониторинг жасау, өңірлік және шетелдік БАҚ есепке алу.

4.3. Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру мен насихаттау жөніндегі республикалық және өңірлік деңгейдегі ақпараттық-насихаттық топтардың өңірдегі қызметін ұйымдастыру, АНТ ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету.

5. Бөлім құқығы

5.1. Бөлім мамандары қызметтік міндеттеріне байланысты заңнамалар мен нормативтік – құқықтық актілердің талаптарының сақталуын бақылауға алады.

5.2. Бөлімнің негізгі міндеттерін жүзеге асыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардан, басқа да ұйымдар мен мекемелерден қажетті ақпараттар жинақтайды.

5.3. Ішкі саясат сұрақтары бойынша жиналыстар мен кеңестерге қатысады, ұсыныстар енгізеді.

6. Бөлім жауапкершілігі

6.1. Бөлім функциялары мен міндеттерін іске асыру жолындағы жоспарларды орындайды және оны іске асырады

6.2. Лауазымдық нұсқауларға сәйкес жүктелген қызметтік міндеттерді орындайды

6.3. Жоғары тұрған құрылымдарға жіберілген ақпараттың уақытында және сапалы дұрыс береді.

6.4.Берілген құқықтарды дұрыс және мезгілінде қолданады.

6.5. Мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтайды.

7. Қорытынды ереже

7.1. Бөлімді тарату және қайта құру Басқарма бастығы жүзеге асырады.

7.2. Ережеге қосымша толықтырулар мен өзгерістер енгізілуі мүмкін және оны Басқарма бастығы бекітеді.

Search