Жалпы ақпарат

Ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдары мониторингі бөлімі ішкі саясат басқармасының құрылымдық бөлім болып табылады. Бөлім құрылымына – бөлім басшысы, екі бас маман, бір жетекші маман кіреді.

Бөлім өңірдегі мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, оның ішінде БАҚ арқылы жүргізілетін мемлекеттік ақпараттық тапсырыстарды орындау қызметтерін үйлестіреді, БАҚ заңнамасын сақталуына мониторинг жасау, өңірлік және шетелдік БАҚ-тарды есепке алу жұмыстарын атқарады.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтарын өңірде түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз етеді.

Облыста 104 бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде 64 газет, 20 журнал,6  кабельдік оператор, 3 электрондық БАҚ, 2 радио, 9 интернет баспа. Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындайтын 22 бұқаралық ақпарат құралдары 34 тақырыптық бағыт бойынша жұмыс істейді.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын өңір тұрғындары арасында насихаттау және орындалу барысын түсіндіру мақсатында облыстық ақпараттық  топтарының жұмысын ұйымдастырады.

Бөлім ұйымдастыруымен журналистердің төл мерекесіне орай «Жігерлі, ұшқыр жас қалам!» атты жас журналистер слеті, облыс әкімінің жүлдесі үшін журналистер арасында байқау ұйымдастырылады.

Мемлекеттік саясаттың насихатталуын ұйымдастыру жолдарының бірі - көрнекі-үгіт құралдарын қолдану болып табылады. Бөлім өз құзыретінің шеңберінде әлеуметтік бағыттағы көрнекі-үгіт құралдарын тақырыптық қамтамасыз ету, мониторинг жүргізу және сапалығын тексеру жұмыстарын жүргізеді.

Search