Бағдарламаны жүзеге асыру

Бағдарламаларды жүзеге асыру

Терроризм және діни экстремизм идеяларының алдын алуға арналған атқарылған жұмыстар туралы

Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы тарапынан қоғамдық пікір көшбасшыларымен бірге терроризм және діни экстремизм идеяларының алдын алуға байланысты бірқатар шаралар атқарылды. Басқарма ақпараттық түсіндіру, сауалнамалар жүргізу және бұқаралық ақпарат құралдарында дін мәселесіне қатысты қажетті мағлұматтарды жариялау жөнінде жүйелі жұмыстарды атқарып келеді.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы күрес туралы» Заңының талаптарын орындау және оны жүзеге асыруды насихаттауға бағытталған медиа-жоспар іске асырылуда. Облыстық «Жетісу» телеарнасында апта сайын имандылық тәрбие және дін тақырыбына байланысты «Иманашар», «Дін және дәстүр» бағдарламасы эфирге шығуда. Сонымен қатар «7-ші студия», «Прокурор уақыты» бағдарламасынан осы бағытта сұхбаттар беріледі. Талдықорған қаласында орталық алаңында орнатылған «LED» экранда және облыстық «Жетісу» телеарнасыда терроризм және діни экстремизм идеяларының алдын алуға бағытталған құқық қорғау органдары тарапынан ұсынылған бейнероликтер мен бейнефильмдер күнделікті берілуде. Бүгінгі таңда облыстың барлық аудан, қалаларында терроризм және діни экстремизм идеяларының алдын алу тақырыбында 19 билбордтар орналастырылды.

Облыстық, аудандық, қалалық басылымдарда осы бағытта арнайы айдарлар ашылып «Дінің діңгегің», «Имандылық иірімдері», «Терроризмге жол жоқ» атты және төмендегі тармақтарда көрсетілген мақалалар жарық көрді.

Облыстық аудандық, қалалық газеттер басшыларына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп «Дін және дәстүр», «Терроризмге қарсы күрес», «Теріс ағымның зияндылығы терең», «Жат ағымнан аулақ жүр», «Таблиги джамаат» - запрещенное движение», «Дін – тәрбие діңгегі», «Діни экстремизм және оның алдын алу жолдары», «Наемничество – серьезное преступление», «Секты и молодежь: угроза экстремизма», «Татулық. Келісім. Тыныштық», «Үкіметтік емес ұйым және дін», «Ислам и экстремизм несовместимы», «ҚР-ның шет елдерге оқуға кететін азаматтарына арналған дін мәселелері жөніндегі жадынамасы», «Қазіргі Қазақстандағы жастар және дін», «Экстремизмнің алдын алу барлығымыздың міндетіміз», атты және тағы да басқа тақырыптарда 167 материал жарияланды. Сонымен қатар, барлық аудан, қалаларында терроризм және діни экстремизм идеяларының алдын алуға бағытталған 42 дөңгелек үстелдер өткізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Қазақстан Республикасындағы 2011-2015 жылдар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету салалық
бағдарламасын жүзеге асыру туралы АҚПАРАТ

Алматы облысы бойынша 2011-2015 жылдар арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету» салалық бағдарламасын жүзеге асыруда. Елбасы тапсырмасына сай сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтіп, оны жою – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып табылады. Осы тақырып бойынша жергілікті бұқаралық ақпарат көздеріде жұмыс істеуде. Талдықорған қаласының «Алатау» газетінде «Жемқорлықты ауыздату – ортақ іс», қалалық «Талдықорған» газетінде - «Выполнение государственных функций», облыстық «Огни Алатау» газетінде – «Скажем коррупции – нет!», Көксу ауданының «Нұрлы Көксу» газетінде – «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу», «Қоғамдық дерт», Талдықорған қалалық «Алатау» газетінде - «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті», қалалық «Талдықорған» газетінде – «Сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушы субъектілер», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау», «Жемқорлық індет оны жою - міндет», қалалық «Алатау» газетінде – «Борьба с коррупцией – общее дело!», Қаратал аудандық «Қаратал» газетінде – «Нет коррупции!», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты жыл басынан осы тақырыпта түрлі мақалалар шығарылуда. Аталған тақырып бойынша алдағы уақытта жұмыс жалғастырылады.

Қазақстан Республикасындағы

«Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдар арасында арналған мемлекеттік бағдарламасы»
бойынша ақпарат

Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш жігерімізді салуымыз керек. Сонымен бірге елімізде тұратын барлық халықтың өкілдері ана тілдерінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет» деп атап көрсеткені белгілі. Елбасы тапсырмасына сай Алматы облысы бойынша 2011 – 2020 жылдар арасында «Тілдерді дамыту мен қолдану» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. Осы тақырып бойынша жергілікті бұқаралық ақпарат көздеріде жұмыс істеуде. Жыл басынан БАҚ құралдарында аталған бағдарламаға қатысты төмендегі тақырыптар бойынша түрлі мақалалар басылымға шыққан. Талдықорған қалалық «Алатау» газетінде – «Тіл ақылдың - өлшемі», Көксу аудандық «Нұрлы Көксу» газетінде - «Тіл шұрайы тіркесте», Қаратал аудандық «Қаратал» газетінде – «Мемлекеттік тілді біл». Аталған тақырып бойынша алдағы уақытта жұмыс жалғастырылады.

Search