Міндеттері мен функциялары

Міндеттері мен функциялары

Міндеттері:

1) өңірде ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін қамтамасыз ету және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру жөніндегі қызметтерін үйлестіру;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыстың әкімінің Басқарманың құзырына қатысты мәселелер бойынша актілер мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;

4) Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтарын өңірде түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету;

5) өңірде ішкі саясат саласындағы маңызы бар бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру; 6)өңірде ішкі саясат саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша практикалық ұсыныстар, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарының тиімді іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

7)өңірдегі ішкі саяси процесстерді және олардың даму үрдістерін зерделеу мен оларға талдау жүргізуді қамтамасыз ету; 8) азаматтық қоғам институттарымен, өңірдің қоғам жұртшылығының өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.

Басқарманың функциялары:

1) ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша, оның ішінде білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және қорғау, жұмыспен қамту, этносаралық және конфессияаралық келісім, патриоттық тәрбие беру және жастар саясаты, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, тіл, ақпараттық, мәдени, гендерлік және отбасылық-демографиялық салалардағы мәселелер бойынша өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін ақпараттық-идеологиялық сүйемелдеу;

2) ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз етуге бағытталған практикалық және өзге де іс-шаралар кешенін іске асыру;

3)өңірдегі ірі қоғамдық-маңызды іс-шараларды ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық-техникалық сүйемелдеу;

4) әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және өзге де салалардағы жергілікті атқарушы органдардың қызметтері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

5) Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру мен насихаттау жөніндегі республикалық және өңірлік деңгейдегі ақпараттық-насихаттық топтардың өңірдегі қызметін ұйымдастыру, АНТ ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету;

6)саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, этномәдени және діни бірлестіктермен, құқық қорғау және басқа да қоғамдық ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, бұқаралық ақпарат құралдармен (БАҚ), ғылыми және шығармашыл қауыммен, қоғамдық пікір жетекшілерімен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;

7)басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімінің жанында әрекет ететін консультативті-кеңесші органдар мен жұмыс топтарының қызметтерін қамтамасыз ету;

8) өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалға талдау жасау және болжау, оның ішінде саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктердің және ұйымдардың қызметтеріне мониторинг жасауды ұйымдастыру, әлеуметтік және саяси зерттеулер жүргізу;

9) өңірдегі мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде БАҚ мемлекеттік ақпараттық тапсырыстарды орындау жөніндегі қызметтерін әдістемелік қолдау және олардың қызметтерін үйлестіру, БАҚ заңнаманы сақтау жөніндегі қызметіне мониторинг жасау, өңірлік және шетелдік БАҚ есепке алу;

10) әлеуметтік маңызды жобаларды орындауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде конкурстық рәсімдер мен жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу;

11) концептуалдық құжаттарды әзірлеуге, Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша облыс әкімі актілер жобаларын дайындауға және оларға талдау жасауға қатысу;

12)жоғары тұрған мемлекеттік органдармен, Парламентпен, мәслихатпен, облыс әкімінің аппаратымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығымен Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;

13) Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша ақпараттық базаны жасақтау, жинақтау, жинап қорыту және жіктеу;

14) мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектілерін, соның ішінде шешімдерді қабылдауға, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыру;

15) Қазақстан Республикасының Заңнамаларымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Search