ҮЕҰ

Үкіметтік емес ұйымдар: ұғымы және түрлері

 

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап, елімізде демократиялық процесстерінің тура және негізгі қатысушылары ретінде қоғамдық түрлендірудің бірі үкіметтік емес секторының дамуы болып табылады. Қазіргі таңда, елімізде азаматтық қоғам жұмыс істеу үшін қажетті, Үшінші секторының (Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ретінде белгілі) қалыптастыру процессі белсенді жүруде. Үшінші сектор мемлекеттік билік шешімдерін қабылдау процессіне әсер ету үшін саясаттық емес әдіс қолданатын, қоғамның азаматтық белсенділіктің өсуіне мүмкіндік туғызады.

Біздің елімізде үкіметтік емес секторы қоғамдық бірлестік, мемлекеттік емес қорлар, заңды тұлғалардың одағы (құрама) ретінде қоғамдық - пайдалы мәселелерді шешу мақсатында ұсынылған.

Бүгінгі күнде, нақты жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ), өміріміздің әр түрлі салаларында жұмыс істеуде. Негізінде, бұл адам құқығын қорғау, қоршаған орта мен экология, гендерлік мәселелер, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобының мүдделерін қорғау сияқты әлеуметтік маңызы бар салалар.

Азаматтық қоғамның мақсаты – азамат пен мемлекет арасында делдал болу, әр жеке тұлғаның мүддесін қорғау, билік пен қоғам алдында оның мүддесін ұсыну, билік қызметі мен қоғамның ішкі және сыртқы қалыптастыру үшін қоғамдық бақылауды жүзеге асыру.

«Үшінші» сектор – бұл азаматтар жасаған өзін-өзі танытуға және де қоғам үшін маңызды, әлеуметтік өзгерістерге жетуге бағытталған, коммерциялық емес сипаттағы бастамаларды іске асыру бар үкіметтік емес ұйымдарының барлық спектрін өзіне жинақтаған ұғымы. Кейбір елдерде олар үкіметтік емес деп аталады, кейбір елдерде қоғамдық, кебірлерде ерікті, қайырымдылық немесе кіріс әкелмейтін деп аталады.

Тұтас алғанда, үшінші секторының қызмет түбірі бұл – «төмендегі» азаматтардың белсенділігі нәтижесінде өзін-өзі басқару принципі.

Сонымен бірге, Қазақстанда ҮЕҰ нақты санын анықтау мүмкін емес. Түрлі статистикалық мәліметтер бірқатар себептермен шартталған:

· «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен атап өткен барлық ұйымдар статистикалық есебіне енгізілген екендігі анықталған жоқ, сондықтан жеке тәуелсіз зерттеу агенттіктер үшінші секторынан мемлекеттік мекемелерді, адвокаттар алқаларды, тұтынушылар кооперативтерді, нотариалдық палаталарды және т.б. алып тастады. Әрине, бұндай есеп кезінде ұйымдар саны 2 есе азаяды.

· ҮЕҰ көпшілігі әрекеттенбеген болып табылады (нақты айтқанда қағаз бетінде ғана бар), бұл жағдай шынайы жұмыс істейтін ұйымдарды санауға кедергі жасайды да статистиканың бұрмалауына әкеліп соғады;

· кей біреулер өз қызметін аяқтайды (жиі нақты түрде, заңдылық түрде емес), нәтижесінде жаңа ұйымдар тіркеледі.

Бүтіндей алғанда, әлемдегі практикасында үкіметтік емес ұйымдар анықтамасы жоқ. Әлемдегі заңгерлік және саяси сөздігінде «үкіметтік емес ұйым» - бұл белгіленбеген ұйымдар тобына сүйенгенде жалпылаудың дәстүрлі нысаны. Яғни, ҮЕҰ терминнің мемлекет ішінде және үкімет аралық ұйымдар шеңберінде қызметін атқаратын, жанжақты орган топтарын қамтитын, әмбебап анықтамасы жоқ.

ҮЕҰ мәні оны құру және әрі қарай қызметі ерікті болып табылатындығына (оларды жасайтын және олардың құрамына кіретіндер үшін таңдау мүмкіндігі және оларға басшылық ету жүктелген мүшелік ұйымдар принципіне негізделмеген жағдайды есепке алғанда), мемлекеттік билік органдар басшылығында емес өзін өзі басқару негізінде қызмет істеуіне, және де олардың басты мақсаты қызмет нәтижесінде пайда болатын кіріс болып табылмайтындығына әсер етеді.

ҮЕҰ әр түрлі атаумен аталып қызмет істейді: қауымдастық, қайырымдылық қоры, қорлар, коммерциялық емес ұйымдар, қоғам мен сенімділік қорлар.

Жоғары айтылғанға негізделсек, ҮЕҰ тән ортақ белгілерді құруға болады:

- пайда алу қызметтің негізгі мақсаты ретінде бола алмайды;

- мемлекеттік орган құрылтайшы және қатысушылар ретінде болып табылмайды;

- ұйым ерікті негізде құрылған;

- бірлесіп анықталған мақсаттар негізінде өзін өзі басқару;

- ұйым билікке жету мақсатымен саясатқа тура қатыспайды;

- ұйым бейресми және заңгерлік бекітілген негізінде жұмыс істей алады;

- ұйым күштеу шараларды қолданбайды және насихаттамайды;

- ұйым құрамы және деңгейі бойынша ұлттық және халық аралық бола алады.

Осылайша, жоғары баяндалған белгілер негізінде, үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) азаматтардың жергілікті, мемлекеттік немесе халық аралық деңгейде ұйымдастырылған, ерікті коммерциялық емес одағы болып табылады, деп қорытынды жасауға болады.

Түрлер туралы қойылған мақсаттар мен міндеттерге, оларға жету тәсілдер мен әдістерге байланысты қоғамдық ұйымдар бірнеше түрлерге бөлінеді (жүйелеу принциптеріне байланысты). Қоғамдық ұйымдарды жіктеу тәсілдемелер арасында бір қатар белгілерді айыруға болады:

· жұмыс істеу аймағы бойынша (халықаралық, елді, жергілікті);

· ұйымдастырушылық нысаны бойынша (қоғамдық ұйым, қоғамдық қор және т.б.);

· мақсатты топтар сипаты бойынша, яғни қоғамдық ұйымдардың негізгі белсенділігі бағытталған, халық топтар;

· қоғамдық ұйымдар қызметі саласы бойынша;

· қаржыландыру түрі бойынша: ішкі және сыртқы кіріс көздері.

Search