Мақсаттары мен міндеттері

Мақсаттары мен міндеттері

Ұйымдастыру жұмысы бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы ереже

Ұйымдастыру жұмысы бөлімі (бөлім) Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының (Басқарма) құрылымдық бөлімі болып табылады.

Бөлімнің негізгі міндеті Басқарманың стратегиялық міндеттеріне сәйкес, өз құзіретінің шеңберінде ішкі саясат саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

Бөлім қызметінің құқықтық негізін ҚР Конституциясы мен ҚР заңдары және басқа да нормативтік, құқықтық актілері, Басқарма туралы ереже және бөлім ережесі құрайды.

Бөлім туралы ереже, оның міндеттері, қызмет ауқымы мен құқықтары, қызметкерлер арасындағы атқаратын міндеттерді басқарма бастығы бекітеді.

2.Бөлім құрылымы және ұйымдастыру шаралары

Бөлім құрылымына – бөлім басшысы, бір бас маман кіреді, олар әкімшілік қызметкерлер болып табылады және оларды қызметке алу мен босату ҚР заңдарына сәйкес жүргізіледі.

Бөлім бастығы:

- бөлім жұмысына басшылық жасайды, ұйымдастыру шараларын іске асырады, бөлім мамандарының кәсіби және шығармашылық деңгейін көтеруге жағдай туғызады.

- бөлімнің стратегиялық және күнделікті жұмыс жоспарларын жүзеге асырады және қадағалайды.

- бөлімнің құзырына кіретін мәселелерге байланысты жергілікті атқарушы органдармен қарым-қатынас ұйымдастырады.

3.Бөлім мақсаттары

3.1 Ішкі саясат саласында жоспарлауды ұйымдастыру. Өңірде ішкі саясат саласындағы маңызы бар бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру.

3.2.Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру жөніндегі қызметтерін үйлестіру.

4. Бөлім міндеттері

4.1. Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша ақпараттық базаны жасақтау, жинақтау, жинап қорыту және жіктеу.

4.2. Алматы облысы әкімдігі жанындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссиясының жұмысын жүргізеді.

4.3. Ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз етуге бағытталған практикалық және өзге де іс-шаралар кешенін іске асыру.

4.4. Басқарманың жылдық жұмыс жоспарларын жүзеге асырады және қадағалайды

4.5. Концептуалдық құжаттарды әзірлеуге, Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша облыс әкімі актілер жобаларын дайындауға және оларға талдау жасауға қатысу.

5. Бөлім құқығы

5.1. Бөлім мамандары қызметтік міндеттеріне байланысты заңнамалар мен нормативтік–құқықтық актілердің талаптарының сақталуын бақылауға алады.

5.2.Бөлімнің негізгі міндеттерін жүзеге асыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардан, басқа да ұйымдар мен мекемелерден қажетті ақпараттар жинақтайды.

5.3. Ішкі саясат сұрақтары бойынша жиналыстар мен кеңестерге қатысады, ұсыныстар енгізеді.

6. Бөлім жауапкершілігі

6.1. Бөлім функциялары мен міндеттерін іске асыру жолындағы жоспарларды орындайды және оны іске асырады

6.2.Лауазымдық нұсқауларға сәйкес жүктелген қызметтік міндеттерді орындайды

6.3. Жоғары тұрған құрылымдарға жіберілген ақпараттың уақытында және сапалы дұрыс береді.

6.4.Берілген құқықтарды дұрыс және мезгілінде қолданады.

6.5. Мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтайды.

7. Қорытынды ереже

7.1. Бөлімді тарату және қайта құру Басқарма бастығы жүзеге асырады.

7.2. Ережеге қосымша толықтырулар мен өзгерістер енгізілуі мүмкін және оны Басқарма бастығы бекітеді.

Search