Жалпы ақпарат

Жалпы ақпарат

Ұйымдастыру жұмысы бөлімі басқарманың стратегиялық міндеттеріне сәйкес, өз құзыретінің шеңберінде ішкі саясат саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

Ішкі саясат саласында жоспарлауды ұйымдастырады. Ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз етуге бағытталған практикалық және өзге де іс-шаралар кешенін іске асырады. Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру жөніндегі қызметтерін үйлестіреді.

Жыл ішінде бөлім ұйымдастыруымен  «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының облыстық кезеңі  өткізіледі және т.б. шаралар.

Search