Кеңес

Алматы облысы әкімдігінің жанындағы азаматтық қоғам институттарымен өзара байланыс жөніндегі Кеңес туралы

Ереже

1. Жалпы ережелер

1. Азаматтық қоғам институттарымен өзара байланыс жөніндегі облыстық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Алматы облысының әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органы болып табылады, ол қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекеттік органдар арасындағы сындарлы қарым-қатынасты қамтамасыз ету, қоғамдық ұйымдардың қалыптасуы мен дамуына жағдай жасау, оларды жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан қолдау негізінде қоғамның әлеуметтік маңызды проблемаларын шешудегі ролін күшейту үшін құрылған.

2. Кеңес қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының заңнамалары және осы Ереже құрайды.

2. Кеңестің мақсаты мен міндеттері

3. Кеңестің басты мақсаты – үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекет арасындағы оңтайлы өзара қарым-қатынас тепе-теңдігін іздеу, қоғамдық процестерді одан әрі демократияландыруға бірлесіп жұмыс істеу болып табылады.

4. Кеңестің негізгі міндеттері:

1) қоғамдық келісімді нығайту, демократиялық күштерді топтастыру, азаматтық қоғам құруда үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдардың ролін арттыру;

2) жергілікті өкілетті және атқарушы органдар үшін Кеңестің құзырына кіретін мәселелер бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау;

3) мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құралдар арасындағы өзара қарым-қатынасты кеңейту және нығайту жөніндегі ұсынымдар дайындау;

4) үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдардың қызметіне консультативтік, әдістемелік, ұйымдастыру-тәжірибелік, ақпараттық қолдау көрсету;

5) әлеуметтік мәселелерді шешуге, қоғамды демократияландыруды одан әрі нығайтуға бағытталған бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру;

6) үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдардың қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық және ақпараттық базаны жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеуге көмектесу;

7) үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдардың қызметіне байланысты мәселелер бойынша конференциялар, «дөңгелек үстелдер», семинарлар өткізуге жәрдемдесу және олардың жұмысына қатысу;

8) қоғамдық дамудың ең маңызды мәселелерін бірлесіп талқылау және өзара тиімді шешімдер іздестіру;

9) саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құралдар мен азаматтық қоғам тақырыптары бойынша жарияланымдар әзірлеуге қатысу және жәрдемдесу;

10) үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдардың қызметіне қатысты бөлігінде мониторинг және болжамды бағалау болып табылады.

3. Кеңестің қызметін жүзеге асыру

5. Кеңес органдары:

1) Кеңес төрағасы;

2) Кеңес хатшысы;

3) Кеңестің жұмысшы органы;

4) «Тұрақты даму» эксперттік тобы.

6. Кеңес төрағасы оның жалпы жұмысына басшылық жасайды, Кеңес мәжілістерінде төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, Кеңес шешімдерінің жүзеге асырылуына жалпы бақылау жүргізеді.

7. Кеңес хатшысы Кеңестің күн тәртібі бойынша ұсыныстар әзірлейді. Оны өткізу үшін қажетті құжаттар, материалдар дайындайды, төрағаның нұсқауы бойынша Кеңес мәжілісінен кейін хаттамаларды ресімдейді және жолдайды.

8. Кеңестің қабылдаған шешімі төраға мен хатшының қолы қойылған хаттама түрінде ресімделеді.

9. Кеңес мәжілістері тоқсанына бір рет өткізіледі және онда Кеңес мүшелерінің кемінде жартысынан астамы қатысқан жағдайда өткізілген болып есептеледі.

10. Кеңес мәжілістерінің өткізілу күні, уақыты және күн тәртібі Кеңес мүшелерінің пікірлері ескеріле отырып, Кеңес төрағасымен анықталады және хатшы мәжілісті өткізу жөнінде Кеңес мүшелеріне жазбаша түрде хабарлама береді.

11. Шешім ашық дауысқа салу арқылы мәжіліске қатысушы Кеңес мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы басым болып табылады.

12. Кеңесті қалыптастыру қағидасы мен тетіктері:

1) Кеңес еріктілік, ашықтық, жариялылық, теңдік және бірдей жауапкершілік негізінде жұмыс жасайды;

3) Кеңес шешімдері ұсынымдық сипатта болады;

4) «Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі Кеңестің жұмысшы органы болып табылады.

4. Кеңестің құқықтары

13. Кеңес белгіленген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін:

1) өз жұмысын қолданыстағы заңнамаға және осы Ережеге сәйкес жоспарлауға және жүргізуге;

2) мемлекеттік органдарға үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне байланысты мәселелер бойынша нақты ұсыныстармен шығуға;

3) ішкі саяси тұрақтылықты, қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған, үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекеттік органдар арасындағы қарым-қатынасты дамыту мәселелері бойынша ұсынымдар қабылдауға;

4) тараптардың функциялары нақты бекітіліп берілген бірлескен іс-шаралар мен акциялар өткізуге;

5) заңнамамен бекітілген тәртіпке сәйкес мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттық материалдарды сұратуға және алуға;

6) Кеңес мәжілістеріне талқыланатын проблемалар мен мәселелерге қатысы бар мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерін шақыруға;

7) Кеңес мәжілісінің қарауына ұсынылып отырған проблемаларды алдын-ала зерттеу және оларды шешудің ең тиімді жолдарын анықтау үшін уақытша сараптамалық жұмысшы топтар құруға (қажеттілігіне қарай);

8) сарапшы және кеңесші ретінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерін тартуға құқылы;

9) Эксперттік тобының құзырына кіретін мәселелер бойынша және конкурстық комиссиялардың шешімдері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау.

5. Кеңестің қызметін тоқтату

14. Кеңестің қызметі заңнамамен белгіленген тәртіппен тоқтатылады.

Алматы облысы әкімдігінің жанындағы азаматтық қоғам институттарымен өзара байланыс жөніндегі кеңескешақырылғандардың тізімі


Омар Жақсылық Мұқашұлы                                        облыс әкімінің орынбасары, төраға

Алпысбаев Рустам Әлиұлы                                        облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы, төрағаның орынбасары

Құрманғалиева Әлия Құдайбергенқызы                      облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы, хатшы

Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы                                облыстың Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі

Қаныбеков Мейрамбек Махамбетәлиұлы                     облыстың әділет департаментінің басшысы (келісім бойынша)

Уалиев Қанат Сағатбекұлы                                         облыстың ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі

Байдувалиев Асхан Мархабайұлы                                облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Айтжанов Қаныбек   Құлжабайұлы                             облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы

Нұрмұхамбетов Айдын Нұрмұхамбетұлы                      облыстың жастар саясаты мәселері басқармасының басшысы

Есдәулетов Рахмет  Разбекұлы                                   облыстың дін істері басқармасының басшысы

Әрінов Әміре Әрінұлы                                                облыстың «Жетісу» газетінің бас редакторы

Атантелов Досан Қызайбекұлы                                  облыстың «Жетісу телеарнасы» ЖШС-ның директорының орынбасары (келісім бойынша)

Әбдіқадіров Садық Нұрсапаұлы                                  «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Келімсейіт Ермек Әбілмәжінұлы                                Облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы

Нұрмұханова Жанар Болатқызы                                «Алматы облысының Азаматтық Альянсы» Ассоциациясы формасындағы заңды тұлғалар бірлестігі» қоғамдық                                                                                                                          бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

Әбдрахман Қайрат Еділұлы                                      «Талдыкорганец» қауымдастығының әкімшісі (келісім бойынша)

Search