Мақсаттары мен міндеттері

Мақсаттары мен міндеттері

Әкімшілік бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ереже

Әкімшілік бөлімі (бөлім), Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының (Басқарма) құрылымдық бөлімі болып табылады.

Бөлімнің негізгі міндеті Басқарманың стратегиялық міндеттеріне сәйкес, өз құзіретінің шеңберінде ішкі саясат саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

Бөлім қызметінің құқықтық негізін ҚР Конституциясы мен ҚР заңдары және басқа да нормативтік, құқықтық актілері, Басқарма туралы ереже және бөлім ережесі құрайды.

Бөлім туралы ереже, оның міндеттері, қызмет ауқымы мен құқықтары, қызметкерлер арасындағы атқаратын міндеттерді басқарма бастығы бекітеді.

2. Бөлім құрылымы және ұйымдастыру шаралары

Бөлім құрылымына – бөлім басшысы, бір бас маман кіреді, олар әкімшілік қызметкерлер болып абылады және оларды қызметке алу мен босату ҚР заңдарына сәйкес жүргізіледі.

Бөлім бастығы:

- бөлім жұмысына басшылық жасайды, ұйымдастыру шараларын іске асырады, бөлім мамандарының кәсіби және шығармашылық деңгейін көтеруге жағдай туғызады.

- бөлімнің стратегиялық және күнделікті жұмыс жоспарларын жүзеге асырады және қадағалайды.

- басқарма бастығына басқарманың бөлімдері туралы ережені, қызметшілерге функционалдық қызметтік нұсқауларын бекітуге ұсынады.

- бөлім мамандары өз құзіреті шеңберіндегі сұрақтарға байланысты жергілікті атқарушы органдармен қарым-қатынас ұйымдастырады.

3. Бөлім мақсаттары

3.1. Мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласындағы жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету.

3.2.Басқарманың құзырындағы мәселелер бойынша жүзеге асырылатын бағдарламаларды қаржыландыруды қамтамасыз ету.

3.3.Мемлекеттік қызметшілердің қызметін жетілдіру, даярлау және қайта даярлау мәселелеріндегі іс-әрекеттерді үйлестіру.

3.4.Басқарманың құпия құжаттар айналымын облыс әкімдігінің мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшесімен бірлестікте жүзеге асыру.

4. Бөлім міндеттері

4.1. Бос әкімшілік мемлекеттік қызметтерге конкурс өткізу бойынша, жеке құжаттарды және кадрлардың жылжуы бойынша сапалық құрамына сараптама жүргізуді, құқықтық статистика орталығы мен ұлттық қауіпсіздік комитеті арқылы мемлекеттік қызметкерлердің арнайы тексеру құжаттарын әзірлейді.

4.2. Өңірлік бағдарламаларды қаржыландыруды жүзеге асырады.

4.3 Мемлекеттік тапсырыстың ақпараттық бағдараламалары бойынша орындалған жұмыс көлемдерін мезгілімен төлемақы беруді қамтамасыз етеді.

4.4. Концептуалдық құжаттарды әзірлеуге, Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша облыс әкімі актілер жобаларын дайындауға және оларға талдау жасауға қатысу.

5. Бөлім құқығы

5.1. Бөлім мамандары қызметтік міндеттеріне байланысты заңнамалар мен нормативтік–құқықтық актілердің талаптарының сақталуын бақылауға алады.

5.2. Бөлімнің негізгі міндеттерін жүзеге асыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардан, басқа да ұйымдар мен мекемелерден қажетті ақпараттар жинақтайды.

5.3. Ішкі саясат сұрақтары бойынша жиналыстар мен кеңестерге қатысады, ұсыныстар енгізеді.

6. Бөлім жауапкершілігі

6.1. Бөлім функциялары мен міндеттерін іске асыру жолындағы жоспарларды орындайды және оны іске асырады

6.2. Лауазымдық нұсқауларға сәйкес жүктелген қызметтік міндеттерді орындайды

6.3. Жоғары тұрған құрылымдарға жіберілген ақпараттың уақытында және сапалы дұрыс берілуін қадағалайды.

6.4. Берілген құқықтарды дұрыс және мезгілінде қолданады.

6.5. Мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтайды.

7. Қорытынды ереже

7.1. Бөлімді тарату және қайта құруды Басқарма бастығы жүзеге асырады.

7.2. Ережеге қосымша толықтырулар мен өзгерістер енгізілуі мүмкін және оны Басқарма бастығы бекітеді.

Search