Жалпы ақпарат

Жалпы ақпарат

Әкімшілік бөлімі ұйымдастыру шараларын іске асырады, бөлім мамандарының кәсіби және шығармашылық деңгейін көтеруге жағдай туғызады. Мемлекеттік қызметшілердің қызметін жетілдіру, даярлау және қайта даярлау мәселелеріндегі іс-әрекеттерді үйлестіреді. Бос әкімшілік мемлекеттік қызметтерге конкурс өткізу бойынша, жеке құжаттарды және кадрлардың жылжуы бойынша сапалық құрамына сараптама жүргізеді.

Басқарманың штаттық саны 16 бірлікті құрайды. Басқарманың құрылымына басшы және оның 2 орынбасары, 5 бөлім бастықтары және 7 бас маман, 1 жетекші маман кіреді. Басқарма төмендегі бөлімдерден тұрады:

- әкімшілік бөлімі;

- ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімі;

- саяси партиялар және ҮЕҰ-мен жұмыс істеу бөлімі;

- ұйымдастыру жұмысы бөлімі;

- талдау және мониторинг бөлімі;

Ішкі саясат саласы қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтегі орташа көрсеткіші 8 жыл 11 ай. Қызметкерлердің орта жасы 37,8 -ды құрайды.

Search