Комиссия

Алматы облысы әкімінің жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі облыстық комиссия туралы

Ереже

Облыс әкімінің жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі облыстық комиссия туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 қарашадағы № 1131 қаулысымен бекітілген үлгі ережесінің негізінде дайындалған.

1. Жалпы ережелер

1. Облыс әкімінің жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) мемлекеттік рәміздерді зерделеу, насихаттау және қолдану саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 4 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік стильді қалыптастыру және оларды қолдану практикасын қорыту бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі консультациялық – кеңесуші орган болып табылады.

2. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы үлгi ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Лауазымы бойынша Комиссия төрағасы - облыс әкімі болып табылады. Комиссияның дербес құрамы заңнамада белгіленген тәртіппен бекітіледі.

2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi

4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:

1) халықтың арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздеріне құрмет қатынастарын қалыптастыру;

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздерін насихаттау және қолдану мәселелерi, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте мемлекеттiк стильдi қалыптастыру жөнiнде ұсынымдар мен ұсыныстар әзiрлеу;

2)мемлекеттік бірдейлендіру рәміздері мен гералдикалық белгілерді жасау және енгізу жөнінде ұсынымдар әзірлеу;

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздерін қолданудың нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.

3. Комиссияның өкiлеттiлiгi

5. Осы Ережемен белгіленген мiндеттердi iске асыру үшiн Комиссия:

1)жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға мемлекеттiк рәміздерді насихаттау және қолдану жөнiндегi мәселелердi шешуде консультациялық көмек көрсетедi;

2) мемлекеттiк бiрдейлендiру рәміздері мен геральдикалық белгiлердi жасаудың және енгiзудiң әлемдiк тәжiрибесiн зерделейдi және Мемлекеттiк рәміздер жөнiндегi республикалық комиссияға Алматы облысы аумағында оларды қолданудың нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

3) Облыс аумағында ресми iс-шаралар өткiзу кезiнде Мемлекеттiк рәміздерді қолданудың рәсiмдiк ережелерiн әзiрлеуге қатысады;

4) мемлекеттік рәміздерді насихаттау және мемлекеттiк стильдi қалыптастыру жөнiндегi жұмысты жетiлдiруге бағытталған зерттеулердi жүргiзуге бастамашылық жасайды;

5) геральдикалық белгiлер жобаларын қарайды және сараптама қорытындыларын дайындауды жүзеге асырады;

6) Комиссия құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша азаматтардың жазбаша өтiнiштерiн қарайды;

7) Комиссия өз өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асыру кезiнде жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық бiрлестiктермен, басқа да мүдделi ұйымдармен өзара iс-қимыл жасайды.

6. Комиссия:

1) өз құзыретi шеңберiнде жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан, мүдделi ұйымдap мен лауазымды тұлғалардан жұмысқа қажеттi ақпаратты және өзге де материалдар мен мәлiметтердi сұрауға және алуға;

2) өздерiнiң отырыстарында жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларын олардың өз құзыретi шеңберiнде Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн орындау жөнiнде жүргiзген жұмыстары туралы тыңдауға;

3) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздерін насихаттау және қолдану мәселелерi бойынша жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметiн өкiлеттi мемлекеттiк органдардың тексеру жүргiзуiне бастамашылық жасауға;

4) Жергілікті бюджеттен көзделген қаражат шегiнде және сол қаражат есебiнен мемлекеттiк рәміздерді насихаттау және қолдану мәселелерi жөнiнде кең ауқымды акциялар, семинарлар, «дөңгелек үстелдер», мәжiлiстер өткiзуге;

5) мемлекеттiк рәміздер жөнiндегi республикалық комиссияға, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға, мүдделi ұйымдар мен қоғамдық бiрлестiктерге Комиссия қызметiнiң нәтижесi болып табылатын ұсынымдық сипаттағы талдау, әдiстемелiк және өзге де ақпараттық материалдарды жолдауға;

6) Комиссия құзыретiне жататын сараптамалық талдау зерттеулерiн жүргiзу үшiн сараптама кеңесiн құруға құқылы.

4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру

7. Комиссияның құрамына төраға, төрағаның орынбасары, хатшы және Комиссия мүшелерi кіреді.

8. Комиссия жұмысы қоғамдық негiзде жүзеге асырылады.

9. Комиссияның төрағасы:

1) Комиссияға жалпы басшылық етудi жүзеге асырады, Комиссия отырыстарында төрағалық етедi;

2) Мемлекеттiк рәміздер жөнiндегi республикалық комиссия төрағасын Комиссияның қызметi туралы тұрақты түрде хабардар етедi және оған мемлекеттiк рәміздерді насихаттау және қолдану жөнiнде жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

3) Комиссияның сараптама кеңесiнiң құрамын және ережесін бекiтедi;

4) Комиссия мүшелерi арасында тапсырмаларды бөледi;

5) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға, мүдделi ұйымдарға және лауазымды тұлғаларға Комиссия отырыстарына материалдар, өзiнiң атына келiп түскен ұсыныстар бойынша қорытындылар дайындауды тапсырады;

6) Комиссия отырыстарының хаттамаларына, жұмыс жоспарларына қол қояды;

7) Комиссияның жұмысын жетiлдiру және оның құзыретiне кiретiн өзге де мәселелер бойынша Комиссия мүшелерiнiң ұсыныстарын қарайды;

8) Комиссия отырыстарының күн тәртiбiн анықтайды.

10. Комиссия төрағасының орынбасары:

1) Төраға тапсырмаларының және Комиссия ұсынымдарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етедi;

2) Комиссияның ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын Комиссия төрағасына бекiтуге енгiзедi;

3) Комиссия отырыстарын дайындау үшiн жалпы бақылауды жүзеге асырады;

4) Комиссия төрағасының келiсiмiмен Комиссия хатшысына немесе мүшелерiне Комиссия құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша материалдарды, азаматтардың жазбаша өтiнiштерiн қарауға жiбередi;

5)осы Ережеге сәйкес Комиссия төрағасының өзге де тапсырмаларын орындайды.

11.Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім бастығы Комиссияның жұмыс органына басшылықты жүзеге асыратын Комиссия хатшысы болып табылады. Хатшының дауыс беруге құқығы жоқ.

12. Комиссияның мүшелерi:

1) халық арасында мемлекеттiк рәміздерге құрмет қатынастарын қалыптастыруға жәрдемдеседi, бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде және қаражат есебiнен насихаттауға қатысады

2) Комиссия отырыстарына қатысады;

3) Комиссия төрағасының және төраға орынбасарының тапсырмаларын орындайды;

4) Комиссия құзыретiне жататын мәселелер бойынша ұсынымдар, сараптама қорытындыларын дайындауға қатысады;

5) Комиссияның жұмыс органынан Комиссия отырыстарына қажеттi материалдар алады;

6) Комиссияның ағымдағы және перспективалық жұмыстарын жоспарлауға қатысады;

7) жазбаша түрде баяндалатын және хаттамаға берiлетiн ерекше пiкiрге құқығы бар.

13. Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы Комиссияның жұмыс органы болып табылады:

Жұмыс органы:

1) Комиссияның жұмысын жалпы ұйымдастыруды және оның мүшелерiнен қалыптасатын сараптама кеңесiнiң қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады;

2) мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау мәселелерi қарауына жататын аудандар мен қалалардың әкімдері аппаратының лауазымды тұлғаларына әдiстемелiк көмек көрсетедi;

3) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан ақпарат жинауды, өңдеудi, Мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау практикасын талдауды, бұл саладағы жұмыстарды жетiлдiру жөнiндегi ұсынымдар жасауды жүзеге асырады;

4) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға және өзге де мүдделi ұйымдарға Комиссия ұсынымдарын түсiндiредi және жолдайды;

5) бұқаралық ақпарат құралдарымен тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте мемлекеттiк рәміздерді насихаттауға және қолдануға бағытталған Комиссия қызметiн жариялау жөнiнде өзара iс-қимылды жүзеге асырады;

6) өз өкiлеттiктерi шегiнде өтiнiм бiлдiрушiлерге олар енгiзген ұсыныстар бойынша қорытынды жолдайды;

7) Комиссия отырыстарына материалдарды, Комиссияның ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларының жобаларын дайындауды жүзеге асырады;

8) Комиссия мүшелерiнiң Комиссия жұмысын жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарын қорытады;

9) Комиссия құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, лауазымды тұлғалармен және мүдделi ұйымдармен қызметтiк хат алмасу жүргiзедi;

10) Iс жүргiзуге жауап бередi, Комиссия материалдарын сақтауды және оларды мұрағатқа өткiзудi жүзеге асырады.

14. Комиссия отырыстарын қажеттiгiне қарай, жылына кемiнде екi рет Төраға шақырады.

15. Комиссия отырысы, егер оның мүшелерiнiң жартысынан көбi қатысқан болса заңды деп саналады.

16. Комиссияның шешiмдерi ұсынымдық сипатқа ие. Қажет болған жағдайда олар Комиссия Төрағасы – облыс әкiмiнiң өкiмiмен ресiмделедi.

17. Шешiмдер оның отырысына қатысушылар санының кемiнде үштен екiсiнiң даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған кезде, Комиссияның отырысын төрағалық етушi дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.

Алматы облысы әкімінің жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі облыстық комиссияның

ҚҰРАМЫ

Амандық Ғабасұлы Баталов
облыс әкімі, комиссияның төрағасы

Жақсылық Мұқашұлы Омар

облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
Ескендіров Олжас Ақынбекұлы
облыстық ішкі саясат басқармасының талдау және мониторинг бөлімінің бастығы комиссияның хатшысы
Комиссия мүшелері:

Рустам Әлиұлы Алпысбаев

облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы

Ақан Жылқышыбайұлы

Әбдуәлиев               
облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы
Ләзат Тілеубайқызы Базарқұлова
облыстық білім басқармасының басшысы

Даркен Нұржанұлы

Нұржанов

облыстың сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы

Асхан Мархабайұлы

Байдувалиев

облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Әбсамат Әбжапарұлы

Әкімов

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша" департаменті басшысының м.а. (келісім бойынша)

Ғабит Тұрсынбайұлы

Тұрсынбай

Алматы облысық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары,

хатшылық меңгерушісі

Қайрат Темірғалиұлы

Жанабаев

«Алматы облысы бойынша Ауған соғысы ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі (келісім бойынша)

Елдар Қайсарұлы

Сапаров

«Алматы облысының студенттер одағы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі (келісім бойынша)
Ермұхан Жүнісхан «Жетісулық желтоқсандықтар» қоғамдық қорының жетекшісі (келісім бойынша)

Садық Нұрсапаұлы

Әбдіқадыров

«Нұр отан» партиясының Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары

Досан Қызайбекұлы

Атантелов

«Жетісу» ЖШС телеарнасы директорының орынбасары

Қайрат Еділұлы

Әбдрахман

«Талдыкорганец» қауымдастығының әкімшісі (келісім бойынша)

 _________________________________

Search