Мақсаттары мен міндеттері

Мақсаттары мен міндеттері

Саяси партиялар және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс істеу бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы ереже

1.1. Саяси партиялар және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс істеу бөлімі (бөлім) Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының (Басқарма) құрылымдық бөлімі болып табылады.

1.2. Бөлімнің негізгі міндеті Басқарманың стратегиялық міндеттеріне сәйкес, өз құзіретінің шеңберінде ішкі саясат саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

1.3. Бөлім қызметінің құқықтық негізін ҚР Конституциясы мен ҚР заңдарды және басқа да нормативтік, құқықтық актілері, Басқарма туралы ереже және бөлім ережесі құрайды.

1.4. Бөлім туралы ережені, оның мақсаттарын, қызметтік міндеттері мен құқықтарын және бөлім мамандарының арасындағы қызметтік міндеттерін басқарма бастығы бекітеді.

2.Бөлім құрылымы және ұйымдастыру шаралары

Бөлім құрылымына – бөлім басшысы, бір бас маман, бір жетекші маман кіреді. Олар әкімшілік қызметкерлер болып табылады және оларды қызметке алу мен босату ҚР заңдарына сәйкес жүргізіледі.

Бөлім бастығы:

- бөлім жұмысына басшылық жасайды, ұйымдастыру шараларын іске асырады,

- бөлім мамандарының кәсіби және шығармашылық деңгейін көтеруге жағдай туғызады.

- бөлімнің Стратегиялық және күнделікті жұмыс жоспарларын жүзеге асырады және қадағалайды.

- бөлім мамандары өз құзіреті шеңберіндегі сұрақтарға байланысты жергілікті атқарушы органдармен қарым-қатынас ұйымдастырады.

3.Бөлім мақсаттары

Мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасындағы қатынасты жетілдіру арқылы мемлекеттілікті нығайту.

4.Бөлімнің негізгі міндеттері

4.1 Азаматтық қоғам институттарымен, өңірдің қоғам жұртшылығының өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.

4.2 Саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, этномәдени және діни бірлестіктермен, құқық қорғау және басқа да қоғамдық ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, ғылыми және шығармашыл қауыммен, қоғамдық пікір жетекшілерімен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру.

4.3. Әлеуметтік маңызды жобаларды орындауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде конкурстық рәсімдер мен жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу.

4.4. Облыстағы ҮЕҰ-ға ұйымдастыру-тәжірибелік, әдістемелік, ақпараттық кеңес беру және қолдау көрсету.

4.5 Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімінің жанында әрекет ететін консультативті-кеңесші органдар мен жұмыс топтарының қызметтерін қамтамасыз ету.

5.Бөлім құқығы

5.1.Бөлім мамандары қызметтік міндеттеріне байланысты заңнамалар мен нормативтік-құқықтық актілердің талаптарының сақталуын бақылауға алады

5.2.Бөлімнің негізгі міндеттерін жүзеге асыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардан, басқа да ұйымдар мен мекемелерден қажетті ақпараттар жинақтайды.

5.4. Ішкі саясат сұрақтары бойынша жиналыстар мен кеңестерге қатысады, ұсыныстар енгізеді.

6.Бөлім жауапкершілігі

6.1.Бөлім функциялары мен міндеттерін іске асыру жолындағы жоспарларды орындайды және оны іске асырады.

6.2.Лауазымдық нұсқауларға сәйкес жүктелген қызметтік міндеттерді орындайды.

6.3.Жоғары тұрған құрылымдарға жіберген ақпараттың уақытында және сапалы дұрыс береді.

6.4.Берілген құқықтарды дұрыс және мезгілінде қолданады.

6.5.Мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтайды.

7.Қорытынды ереже

7.1.Бөлімді тарату және қайта құру басқарма бастығы жүзеге асырады.

7.2.Ережеге қосымша толықтырулар мен өзгерістер енгізілуі мүмкін және басқарма бастығы бекітеді.

Search