Мақсаттары мен міндеттері

Мақсаттары мен міндеттері

Талдау және мониторинг бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ереже

Талдау және мониторинг бөлімі (бөлім), Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының (Басқарма) құрылымдық бөлімі болып табылады.

Бөлімнің негізгі міндеті Басқарманың стратегиялық міндеттеріне сәйкес, өз құзіретінің шеңберінде ішкі саясат саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

Бөлім қызметінің құқықтық негізін ҚР Конституциясы мен ҚР заңдары
және басқа да нормативтік, құқықтық актілері, Басқарма туралы ереже және бөлім ережесі құрайды.

Бөлім туралы ереже, оның міндеттері, қызмет ауқымы мен құқықтары, қызметкерлер арасындағы атқаратын міндеттерді басқарма бастығы бекітеді.

2. Бөлім құрылымы және ұйымдастыру шаралары

Бөлім құрылымына – бөлім басшысы, бір бас маман кіреді, олар әкімшілік қызметкерлер болып табылады және оларды қызметке алу мен босату ҚР заңдарына сәйкес жүргізіледі.

Бөлім бастығы:

- бөлім жұмысына басшылық жасайды, ұйымдастыру шараларын іске асырады, бөлім мамандарының кәсіби және шығармашылық деңгейін көтеруге жағдай туғызады.

- бөлімнің стратегиялық және күнделікті жұмыс жоспарларын жүзеге асырады және қадағалайды.

- бөлім мамандары өз құзіреті шеңберіндегі сұрақтарға байланысты жергілікті атқарушы органдармен қарым-қатынас ұйымдастырады.

3. Бөлім мақсаттары

3.1 Мемлекеттік саясатты жүргізуде өңірдегі қоғамдық – саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету.

3.2. Қоғамдық – саяси ахуалға мониторинг жүргізу.

4. Бөлім міндеттері

4.1. Өңірдегі ішкі саяси процесстерді және олардың даму үрдістерін зерделеу мен оларға талдау жүргізуді қамтамасыз ету.

4.2. Өңірде ішкі саясат саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша практикалық ұсыныстар, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарының тиімді іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

4.3. Қоғамдық-саяси ахуалға талдау жасау және болжау, оның ішінде саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктердің және ұйымдардың қызметтеріне мониторинг жасауды ұйымдастыру, әлеуметтік және саяси зерттеулер жүргізу.

4.4. Облыс тұрғындарының қоғамдық пікірін зерттеу жолында, әлеуметтік сауалнама өткізу арқылы азаматтардың көңіл-күйін білу үшін қоғамдық-саяси және әлеуметтік – экономикалық өмірі жөнінде, электоралдық көңіл-күй және оппозоцияның қызметі туралы;

4.5. Басқарманың стратегиялық жоспарларына ұсыныстар енгізу, орындалуын қадағалау;

4.6. Бөлім құзырына кіретін әкім аппаратының басқа да бөлімшерімен бірлесе отырып, ұйымдастыру-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау.

5. Бөлім құқығы

5.1. Бөлім мамандары қызметтік міндеттеріне байланысты заңнамалар мен нормативтік–құқықтық актілердің талаптарының сақталуын бақылауға алады.

5.2. Өз құқықтары шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың қызметтеріне тексерулер жүргізеді, жіберілген кемшіліктерді түзетуге шара қолданады.

5.3. Бөлімнің негізгі міндеттерін жүзеге асыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардан, басқа да ұйымдар мен мекемелерден қажетті ақпараттар жинақтайды.

5.4 Басқарма бастығымен үйлестіру бағыттары бойынша (қоғамдық-саяси ахуалына талдау және мониторингті өткізуін жетілдіру) саласында мамандарды жұмысқа қатыстыру.

5.5. Ішкі саясат сұрақтары бойынша жиналыстар мен кеңестерге қатысады, ұсыныстар енгізеді.

6. Бөлім жауапкершілігі

6.1. Бөлім функциялары мен міндеттерін іске асыру жолындағы жоспарларды орындайды және оны іске асырады

6.2.Лауазымдық нұсқауларға сәйкес жүктелген қызметтік міндеттерді орындайды

6.3.Жоғары тұрған құрылымдарға жіберілген ақпараттың уақытында және сапалы дұрыс берілуін қадағалайды.

6.4.Берілген құқықтарды дұрыс және мезгілінде қолданады.

6.5. Мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтайды.

7. Қорытынды ереже

7.1. Бөлімді тарату және қайта құруды Басқарма бастығы жүзеге асырады.

7.2. Ережеге қосымша толықтырулар мен өзгерістер енгізілуі мүмкін және оны Басқарма бастығы бекітеді.

Search