Жалпы ақпарат

Талдау және мониторинг бөлімі өңірдегі ішкі саяси процесстерді және олардың даму үрдістерін зерделеу мен оларға талдау жүргізуді қамтамасыз етеді. Бөлім құрылымына – бөлім басшысы, бір бас маман кіреді.

Облыс тұрғындарының қоғамдық пікірін зерттеу арқылы азаматтардың қоғамдық-саяси және әлеуметтік – экономикалық өмірі жөнінде көңіл-күйін зерделеу мақсатында әлеуметтік сұраулар өткізеді.

Облыстың аймақтарды дамыту жоспарына ұсыныстар енгізеді және орындалуын қадағалайды.

Алматы облысы әкімдігі жанындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері жөніндегі облыстық комиссиясының жұмысын жүргізеді.

Search