Жаңалықтар

Бүгінгі таңда балалардың психофизикалық дамуында тіл бұзылуы кең таралғандығы мәлім. Мұндай бұзушылықтары бар балалар оқу бағдарламасын меңгеруде қиыншылықтар көріп, білікті түзеу-дамыту көмек көрсетілуін қажетсінеді.

27 қыркүйекте Талдықорған қаласы, Заң колледжінде және №4 орта мектебінде «Төтенше жағдай және террористік акт кезінде әрекет ету» тақырыбында әр категориядағы тұрғындарды дайындау бағдарламасы бойынша семинар-тренинг өткізілді.

2017 жылдың 18 қыркүйекте Кеген ауылында Райымбеқ ауданының Мәдениет үйінде «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халыққа Жолдауы мен «Мәңгілік Ел» идеясының негізгі міндеттеріне ақпараттық кампания ұйымдастыру және өткізу» №1 лоты бойынша "Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру факторы ретінде "Туған жер" бағдарламасының іске асырылуы" тақырыбында лекторий өткізілді.

2017 жылғы 14 қыркүйекте Алматы облысының Азаматтық Альянсы және ҮЕҰ-дың Консалтинг Орталығының ұйымдастыруымен Латын қарпіне көшу - бұл қазіргі заманғы таңдау» атты кездесу өтті.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірдің еңбек ардагерлерімен және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді.

- Біздің Сіздермен бүгінгі кездесуіміздің барысында, мен, Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарына тоқталып өттім. Осы сәтті пайдалана отырып, ісімізді қолдап, Жетісу өлкесінің дамуына қосқан өлшеусіз еңбектеріңіз үшін Сіздерге тағы бір мәрте алғысымды жеткізгім келеді. Біздер үшін сіздердің ақыл-кеңестеріңіз, көпжылдық еңбек тәжірибелеріңіз бен білімдеріңіз өте маңызды. Әсіресе, болашақ ұрпақ тәрбиесіне деген сіздердің тәлім-тәрбиелеріңіз «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетілген тапсырмаларды орындауда үлкен мәнге ие, - деді өңір басшысы А.Баталов.

Кездесу соңында зиялы қауым өкілдері мен ақсақалдар бірқатар мәселелер бойынша өз ойларымен бөлісіп, облыс әкімінің жұмысына сәттілік тіледі. Өңір басшысы айтылған әрбір ұсынысты назарына алып, олар бойынша белгілі бір шешімге келетіндігін атап өтті.

Жалпы кездесуге 80-нен астам ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Search