Жаңалықтар

Алматы облысының әкімі өңірдің еңбек ардагерлерімен және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірдің еңбек ардагерлерімен және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді.

- Біздің Сіздермен бүгінгі кездесуіміздің барысында, мен, Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарына тоқталып өттім. Осы сәтті пайдалана отырып, ісімізді қолдап, Жетісу өлкесінің дамуына қосқан өлшеусіз еңбектеріңіз үшін Сіздерге тағы бір мәрте алғысымды жеткізгім келеді. Біздер үшін сіздердің ақыл-кеңестеріңіз, көпжылдық еңбек тәжірибелеріңіз бен білімдеріңіз өте маңызды. Әсіресе, болашақ ұрпақ тәрбиесіне деген сіздердің тәлім-тәрбиелеріңіз «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетілген тапсырмаларды орындауда үлкен мәнге ие, - деді өңір басшысы А.Баталов.

Кездесу соңында зиялы қауым өкілдері мен ақсақалдар бірқатар мәселелер бойынша өз ойларымен бөлісіп, облыс әкімінің жұмысына сәттілік тіледі. Өңір басшысы айтылған әрбір ұсынысты назарына алып, олар бойынша белгілі бір шешімге келетіндігін атап өтті.

Жалпы кездесуге 80-нен астам ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Search