Жаңалықтар

«Атамирас» қоғамдық бірлестігі ерікті, өзін-өзі басқарушы қоғамдық ұйым болып табылады. Оның қызметі денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту, тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған.

Бүгінгі таңда балалардың психофизикалық дамуында тіл бұзылуы кең таралғандығы мәлім. Мұндай бұзушылықтары бар балалар оқу бағдарламасын меңгеруде қиыншылықтар көріп, білікті түзеу-дамыту көмек көрсетілуін қажетсінеді.

Ерекше қажеттілі бар балалардың мүмкіндіктері мен өмір сапасын арттыру үшін біздің командамыз "ZHASPROJECT"жастар корпусын дамыту жобалары конкурсына қатысып, жеңімпаз болып танылды.

Бұл жоба аясында тіл бұзушылықтары бар балаларға коррекциялық кабинет арқылы көмек көрсетіліп, оларға сөйлеу ақауларын жоюға, сөйлеу дамуында артта қалушылықтарды еңсеруге жетелей отырып, жеке қабілеттерін балабақша, мектеп қабырғасында ғана емес, еркін тұрмыс-тіршілігінде де таныта білуге мүмкіндік беріледі.

Қазіргі уақытта Талдықорған қаласында Қаблиса жырау көшесі, 209 үй (Алдабергенов көшесінің қиылысы) мекенжайы бойынша коррекциялық кабинет (№114)ашылып, жобатабысты жүеге асырылуда.

Мұнда түзетудің дәстүрлі және дәстүрден тыс әдістерін қолдана отырып, жеке коррекциялық сабақтар өткізу және консультация беру үшін барлық қолайлы жағдай қарастырылған. Сабақтарды білім мекемелерінде көпжылдық тәжірибесі бар білікті мамандар жүргізеді.

Сондай-ақ, жоба аясында балаларға сабақ өткізуден басқа, ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына тегін консультация беру, оқу-тренингтерін өткізу жұмысы қолға алынған.

Келемін деушілер біздің мамандарға жұмыс күндері жолығуына мүмкіндік бар немесе өздеріне ыңғайлы уақытта келесі байланыс нөмірлері арқылы хабарласуына 8 707 122 05 70, 8 775 840 68 88, 8 775 323 5664 болады.

 

 

«Атамирас» қоғамдық бірлестігі

Search