Жаңалықтар

«Төтенше жағдай және террористік акт кезінде әрекет ету, алғашқы медициналық көмек көрсету» семинар-тренинг

27 қыркүйекте Талдықорған қаласы, Заң колледжінде және №4 орта мектебінде «Төтенше жағдай және террористік акт кезінде әрекет ету» тақырыбында әр категориядағы тұрғындарды дайындау бағдарламасы бойынша семинар-тренинг өткізілді.

Ұйымдастырушы: Алматы облысының ішкі саясат басқармасы.

Келісім шарт бойынша «Мерейлі Жетісу» қоғамдық қоры тартылды, жетекшісі Негметжанова М.К.

(Анықтама: Негметжанова М.К. - білікті нұсқаушы-бапкер, көпжылдық «Қызыл Ай» Халықаралық қоғамда еңбек тәжірибесі бар маман).

Әр категориядағы тұрғындарды дайындау бағдарламасы бойынша тамыз – қыркүйек айында 4 семинар-тренинг өткізу жоспарланғанын хабарлайды.

Талдықорған қаласындағы Журналистер үйінде, «АҚБ «Қайнар» аккумулятор зауытында семинар-тренинг өткізілді. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға жеке сертификаттар берілді.

Мақсаты: Әр категориядағы тұрғындарды төтенше жағдай және террористік акт кезінде әрекет етуге, алғашқы медициналық көмек көрсетуге оқыту.

Search