Азаматтарды қабылдау кестесі

Алматы облысының ішкі саясат басқармасы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткерлерді іріктеу үшін D-O-4 (1 бірлік) санаттарына конкурс жариялайды.

Алматы облысының ішкі саясат басқармасы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткерлерді іріктеу үшін D-O-4 (1 бірлік) санаттарына конкурс жариялайды.

Ішкі бақылау қызметінің бас маманы D-O-4 – санаты (1 бірлік):

Білімі жоғары: экономикалық, қаржы, құқықтық .

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Функционалдық бағыттар:

Мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге заңдылық талаптарын сақтауын тексеруді жүзеге асырады, оның жұмысының сапасын көтеру мақсатында ішкі бақылауды жүргізеді.

Мемлекеттік органның стратегиялық және операциялық жоспарларының іске асуын бақылауды, нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады, есеп және есеп беруді жүргізудің нақтылығы мен дұрыстылығына бақылау жүргізеді.

Жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес пайдалануда заң бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және болдырмау жөнінде шаралар қолданады

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар аталмыш хабарландыру жарияланған мезеттен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде Алматы облысының ішкі саясат басқармасына төмендегі көрсетілген мекен-жайға тапсырылуы тиіс: Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 38, 606 бөлме, байланыс телефоны 27-29-90

Search