ЭСҚҚ (электрондық сандық қол қою кілті) калай алуға болады?

Қаулы «Алматы облысының аумағында таралатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу»

 

«Алматы облысының аумағында
таралатын шетелдік мерзімді
баспасөз басылымдарын есепке алу»
электрондық мемлекеттік қызмет
регламентін бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, «Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2014 жылғы 5 наурыздағы №180 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса беріліп отырған «Алматы облысының аумағында таралатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу туралы» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары С.Мұқановқа жүктелсiн.

3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi, бірақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2014 жылғы 5 наурыздағы №180 қаулысы қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес.

Облыс әкімі                                                                                                                                                                  А. Мұсаханов

Search