Жұмыс туралы Есеп

Облыстық ішкі саясат басқармасының  2015 жылы атқарған жұмыстары туралы Есеп

Алматы облысындағы қоғамдық-саяси ахуал туралы

Алматы облысында  саяси партиялардың облыстық филиалдары және қоғамдық пікір көшбасшыларымен бірге өңірлердегі қоғамдық-саяси ахуалды одан әрі тұрақтандыруға бағытталған есептік кезеңде бірқатар жұмыстар атқарылды.    

Облыс бойынша 103 ұлт өкілдері, 71 этно-мәдени орталықтар, 344 үкіметтік емес ұйымдар, 12 салалық кәсіподақтар, 87  бұқаралық ақпарат құралдары, 63  жастар бірлестіктері мен 6 саяси партиялардың облыстық филиалдары қызмет атқаруда.

Бүгінгі күні облыс көлемінде республикалық саяси партиялардың   6 филиалдары жұмыс атқаруда. Атап айтқанда, «Нұр Отан», халықтық-демократиялық патриоттық «Ауыл», Халықтық Коммунистік, «Ақ жол» демократиялық, Жалпыұлттық социал-демократиялық және «Бірлік» партияларының облыстық филиалдары тіркелген. 

Қоғамдық-саяси жағдайға маңызды ықпал тигізетін саяси партиялардың іс-шаралары мен акцияларына қатысып, олардың жұмыстарына талдау жұмыстарын жүргізілді. 

 «Нұр Отан» партиясының 19 аудандық және қалалық филиалдары жұмыс атқарады. Партия филиалы 2015 жыл басынан арнайы 13 партиялық жобалар аясында облыс бойынша   236 754 адамдарды қамтыған 1118 шара өткізді.

Үстіміздегі жылдың 10 қазанында «Ауыл» партиясының есептік-сайлау конференциясы өтті. Конференция жұмысына республикалық «Ауыл» ХДПП-ның төрағасының орынбасары Сыдыхов Т.С. қатысып, облыстық филиалы жетекшісі болып Жантлеуов Н.Қ. сайланды. Қазіргі уақытта арнайы кесте бойынша 16 аудандық конференциялар өтуде.

Қазақстан Халықтық Коммунистік партиясының облыстық филиалы ұйымдастыруымен жыл басынан 4 шара өткізіліп, шараларға мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, БАҚ өкілдері қатысты.

Басқа саяси партиялары филиалдарының белсенділігі байқалмайды.

Алматы облысында әлеуметтік шиеленіс ошағын уақытылы анықтау және ден қою, этносаралық қақтығыстардың, қоғамдық тәртіпті топтасып бұзуды және жергілікті билікпен келісілмеген жаппай жария іс-шараларды анықтау мақсатында қоғамдық-саяси жағдайға күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Барлық аудандарда қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыруға бағытталған қоғамдық кеңестері құрылып, құрамына өңірдегі қоғам көшбасшылары, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдары мен  бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енгізілді.   Жергілікті жерлерде «Нұр Отан» партияның қоғамдық қабылдаулары мен сенім телефондары жұмыс істеп тұр.

Облыстағы қоғамдық-саяси жағдай, сонымен қатар жекелеген азаматтардан келіп түсетін арыздар мен өтініштер уақытында қаралып, қатаң бақылауға алынған.

Ұлтаралық қарым-қатынастар саласында наразылық тудыратын мәселелерді анықтау мақсатында  үнемі мониторинг жүргізілуде. Көпұлтты аймақтар (Еңбекшіқазақ, Қарасай, Іле, Ұйғыр, Панфилов, Талғар аудандары) арнайы бақылауға алынып, мониторинг жүргізілуде.

Өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал бірқалыпты, облыс тұрғындары Елбасының саясатын қолдайды.

Азаматтық қоғам институттарының өзара әрекеттестігі туралы

Соңғы мәліметтер бойынша облыста 344 үкіметтік емес ұйымдар қызмет атқаруда. Облыста тіркелген  үкіметтік емес ұйымдардың 60 пайызы ауылдық жерлерде қызмет атқаруда. Оларға аудан әкімдері, ауылдық округ әкімдіктер тарапынан  жан-жақты  қолдау көрсетілуде.   2015 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға аудан, қалалық деңгейдегі ҮЕҰ-ды қолдау мақсатына  172 млн.тг бөлінді. 2015 жылы Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы тарапынан жыл сайын өткізілетін әлеуметтік маңызы бар жобалар байқауына  жергілікті  бюджеттен 13 млн. теңге бөлінді. ҚР «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Заңының 5 тарауында көрсетілген бағыттары ескеріліп, сонымен қатар Елбасының және басқа да  жоғарғы мемлекеттік органдардың тапсырмалары есепке алынды. Атап айтсақ, «Қазақстан - 2050» Стратегиялық жоспары негізінде іс-шаралар өткізу және оны насихаттау, Елбасының жыл сайынғы халыққа  Жолдауын насихаттау, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған, гендерлік саясат туралы және басқа да тақырыпта 9 лот белгіленді. Байқау қорытындысы бойынша «Атамирас», «Инновационные практики», Райымбек ауданындағы «Салауат» қоғамдық бірлестіктері, «Здоровый выбор»,  «Жәрдем», «Жетісу жастарының Конгресі» жастар қоғамдық бірлестіктері, «Алматы облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының» және «Zhetysu Global» қоғамдық қорыларының ұсынған әлеуметтік жобалары ең жоғары баллдарға ие болды. Аталған жеңімпаздарымен келісім-шарттар бойынша арнайы жүйелі іс-шаралар кестесі әзірленіп, әртүрлі форматта 54 іс-шаралар ұйымдастырылды. Жыл соңында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мақсатында мониторинг жүргізіліп, тиісті есептер қабылдануда. 2015 жылы 23 желтоқсанда Тілдер сарайында облыстық үкіметтік емес ұйымдардың форумы өтті. Шара барысында өңірдегі белсенді 19 ҮЕҰ-ң жетекшілері облыс әкімінің Алғыс хатымен және сыйлықтармен  марапатталды. Сондай-ақ, ҮЕҰ-дың қызметі туралы ең үздік мақалаларды жариялаған 16  журналист диплом және ақшалай сыйлықтарға ие болды және облыс бойынша іске асырылған ең үздік әлеуметтік жобалар арнайы дипломен маратпатталды.

Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі  бөлімінің  атқарылған жұмыстары туралы

Бүгінгі күні облыста 87 бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс атқаруда. Оның ішінде 74 баспа, 13 электрондық бұқаралық ақпарат құралдары бар.

Облыстың 21 облыстық, аудандық, қалалық  бұқаралық ақпарат құралдары 33 бағыт бойынша мемлекеттік ақпараттық тапсырыс орындайды.                           Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы №280 «Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» қаулысын орындау жөніндегі іс – шаралар жоспарына сәйкес, 18 аудан, қала әкімдіктерінің қаулысымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері қурылды. Қазіргі таңда олар мемлекеттік тапсырысты орындауда.

Сонымен қатар, республикалық ақпарат құралдарына мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында   150 000,0 тенге бөлінді.

 2015 жылғы 30  қарашадағы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа жаһандық  нақты  ахуалда:  өсу, реформалар, даму» атты Жолдауын талқылау мақсатында облыстық актив отырысы өткізілді.

Жолдауды іске асыру және ақпараттық сүйемелдеу мақсатында облыстық іс-шаралар жоспары мен медиа-жоспар әзірленіп, бекітілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н..Назарбаевтың  Жолдауын  түсіндіру мақсатында құрамында 83 адамы бар облыстық 19  ақпараттық топ құрылып, шығу кестесі бекітілген.  Топ мүшелері аудандар мен  қалаларда, елді мекендерде  63  кездесу өткізді.  Насихат жұмыспен  3213   тұрғын қамтылды.  Сонымен қатар облыстың  аудан, қалаларында 2590 адамы бар   302 ақпараттық топ құрылған. Олар 1298 кездесу өткізіп, 60865  адам  қамтыды.

Жолдауының іске  асырылу барысын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары және облыстық медиа-жоспар әзірленіп, жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасының Президенті Н..Назарбаевтың Қазақстан халқына  «Қазақстан  жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауының   мәтіні басылған  1500 брошюра шығарылды. Бұқаралық ақпарат құралдарында «Жолдау арнасы», «Послание Президента  - в жизнь», «Прямая речь»  атты   айдарлар ашылып,  «Елбасы Жолдауы – келешек бағдары», «Белестерді  бірге бағындырамыз»,  «Ел дамуының негізі», «Бар саланы қамтыған», «Единство народа – благополучие страны»,  «Я бы в комбайнеры пошел»  тақырыптарында  142  мақалалар жарық көрді, «Жетісу» телеарнасында 56 сюжет көрсетілді.   Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған инфоргафикалар  облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында  тұрақты түрде жариялауда.

Қазақстан Республикасының Президенті Н..Назарбаевтың Ұлт жоспары - бес институционалды реформаларын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның іске асырылу барысын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ақпараттық-түсіндіру жұмыстары атқарылды.

Ақпараттық қолдау мақсатында облыстық «Жетісу», «Огни Алатау» газеттерінде Қазақстан Республикасының Президенті Н..Назарбаевтың бес институционалды реформаларын жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары - 100 нақты қадамының  қазақ және орыс тілінде мәтіні жарияланды.

«Облыстық «Жетісу», «Огни Алатау» газеттерінде «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы», «Адам капиталын дамыту», «Обеспечить достойную занятость», «Сделано в Казахстане»  атты 9 арнайы айдарлар ашылып, «Жетісу» телеарнасында бағдарламалар ұйымдастырылды.

«Ұлт Жоспарын» іске асыру барысы бойынша БАҚ жұмысы үшін «оқиғалар қатары» қалыптастырылды.

Облыстың барлық аудан, қалаларында «Ұлт Жоспары- 100 нақты қадам» бойынша 134 көрнекі үгіт- құралдары орналастырылды.

 Алматы облысында таралатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 4 қызмет көрсетілді.

Бұқаралық ақпарат құлардарының қатысуымен республикалық «Блогерлер құрылтайы-2015» құрылтай жиыны, облыстық «Жігерлі, ұшқыр жас қалам атты» жас журналистер слеті өткізілді. Слет барысында жас журналистер ақшалай сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды. Облыс әкімі А.Ғ.Баталов  2015 жылғы 14 желтоқсанда  журналистер арасында өткізілген байқаудың жеңімпаздарымен кездесуін өткізді.

Байқауға республикалық, облыстық, аудандық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері,   штаттан тыс тілшілер мен қоғамдық авторлардан 107 адам қатысты.Оның ішінде 595 мақала, 118 бейне материалдар мен 37 сурет түсті.Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б. Майлыбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалын ашу туралы 2014 жылғы 18 қарашадағы №32-8.13 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, үстіміздегі жылдың 17 қыркүйегінде «Баспа үйінде» Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Алматы облыстық филиалының ашылу рәсімі өткізілді.

Ұйымдастыру жұмыстары  туралы

Ішкі саясат саласындағы мемлекеттік  саясатты жүйелі түрде жүргізу, өткізілетін шаралардың саяси-идеологиялық бірегейлігіне қол жеткізу мақсатында  мемлекеттік, ұлттық мерекелерді, қоғамдық-саяси маңызды шараларды жоспарлау жолға қойылған.

 Мысалы, Елбасы Жолдауын жүзеге асыру бойынша Жалпыұлттық жоспарды орындауда, Жеңіс күні, ҚР Конституциясы, ҚР Тәуелсіздігі, ҚР Тұңғыш Президенті күндерін, форумдар, акциялар, "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы мен  тағы басқа іс - шаралар іске асырылды.

Атап айтқанда,  ҚР Конституциясы, ҚР Тәуелсіздігі, ҚР Тұңғыш Президенті күндерін мерекелеу аясында облыстың барлық аудандары мен қалаларында іс-шаралар  жоспары әзірленіп,  жұмыстар жүргізілді.

Аталған мерекенің идеялық-мазмұны және күнтізбелік сипатын назарға ала отырып, оларды дайындау мен өткізу барысында  сабақтастық пен кешендік қағидаты басшылыққа алынды.

Елді мекендердегі орталық алаңдар мен көшелер тақырыпқа сай безендіріліп, арнайы көрнекі-үгіт құралдары мен ақпараттық материалдар орнатылды.

Салтанатты шаралар мен мерекелік концерттер өткізу кезінде медицина қызметкерлерінің, жедел жәрдем машиналарының кезекшілігін, қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздіктің сақталуы қамтамасыз етіліп, алдын алу жұмыстары ұйымдастырылып,  жүргізілді.

Облыс көлеміндегі барлық мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда, кәсіпорындарда мерекелерді  атап өтуге байланысты  60 салтанатты жиындар,  816  «дөңгелек үстелдер» отырыстары, 330 семинарлар,  435  акциялар,  65  форумдар,  1736  кездесулер,   253 спорттық жарыстар, 64  флэш-мобтар,  227 дәрістер,  барлығы  3986  астам  шаралар өткізілді. 

белгіленді.

Сонымен қатар, «Шаңырақ - Мәңгілік елдің тұғыры!»  атты акциясының аясында  облыс  көлемінде  500 шаралар өткізілді. Мәселен, «Ата заңды құрметтеу - азаматтық борыш!», «Бала тәрбиесі - баршаға ортақ» тақырыбында семинарлар, "Еңбек түбі - береке",  «Қыз бала тәрбиесі туралы» тақырыбында "дөңгелек үстел"отырыстары.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2014 жылғы 5 наурыздағы №181 қаулысымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу ережесіне сәйкес «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу облыс бойынша өңірлік  іс - шаралар жоспары әзірленіп, іске асырылды.

Еліміздің әр өңірінде өтетін байқау барлық отбасының қызығушылығын тудырып, мейірім мен шапағаттың, татулық пен тәрбиенің жақсы үлгісін көрсетіп отырған отбасылары жылдан- жылға  көбеюде.  2015 жылы конкурсқа 253  отбасы қатысты.

Оның ішінде 71 көп балалы, 33 жас отбасылары қатысты.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының облыстық деңгейде әр аудан мен қалалардан  тапсырылған өтінімдері мен құжаттары бойынша 78 отбасылардың арасынан лайықты 38 отбасыларын іріктеп аынды.    

Облыс көлемінде жүлделі орындарға  лайықты 6 отбасылары

Талдау және мониторинг бөлімінің атқарылған  жұмыстары  туралы

Жыл басынан талдау және мониторинг бөлімі 9 көпшілік жән 2 сараптамалық-әлеуметтік сауалнамалар  өткізді.  Оларға  19 698  респондент қатысты.

Өткізілген әлеуметтік сауалнамалар тізімі:

1. Облыстағы қоғамдық – саяси ахуалды  зерделеу, оның ішінде  аймақтардағы этносаралық және конфессияаралық ахуалын, тұрғындардың жергілікті атқарушы органдар қызметіне және дінге көзқарасын, азаматтардың патриотизм деңгейін анықтау үшін тоқсан сайын жүргізілген көпшілік сауалнама. 7600 респондент қатысты.

2. Облыс тұрғындарының  Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың жыл сайынғы  дәстүрлі Жолдауларын қабылдау деңгейіне арналған телефон – сауалнама.  570 респондент қатысты.

3.Аймақтардағы этносаралық және конфессияралық ахуал деңгейін анықтау үшін жүргізілген  көпшілік сауалнама. 4000 респондент қатысты.

4.Облыс тұрғындарының көрнекті үгіт құралдардың, БАҚ-да имидж шығармашылардың, үгіт науқанының тиімділігін анықтау үшін жүргізілген көпшілік сауалнама. 1000 респондент қатысты.

5. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысына коғамдық баға беру мақсатында жүргізілген көпшілік сауалнама. 950 респондент қатысты.

6.Этносаралық қарым-қатынасты нығайтуда Қазақстан халық Ассамблеясының рөлін анықтау мақсатында жүргізілген сарапшылық сауалнама.  28 сарапшы қатысты.

7. «Қазақстан Республикасы Конституциясына – 20 жыл» сарапшылық сауалнама. 30 сарапшы қатысты.

8. Облыс тұрғындарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын бағалу мақсатында жүргізілген көпшілік сауалнама. 950 респондент қатысты.

9.Облыста лаңкестіктің және экстремизнің уақиғаларының алдын алу жолдары мен тетіктері  туралы көпшілік сауалнама. 2000 респондент қатысты.

10.Облыс тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын зерттеуге арналған көпшілік сауалнама. 2000 респондент қатысты.

11.«Облыс тұрғындарының Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылдың  30 қарашадағы  Қазақстан халқына Жолдауын  қабылдау» атты жедел-сұрақ түрінде телефон арқылы сауалнаманың қорытындысы бойынша талдау. 570 респондент қатысты.

Сонымен қатар, облыс тұрғындарын бірінші кезекте инфляция, баға мен тарифтердің өсуі (32%), табыс деңгейінің төмендігі (28%),  тұрғын үй және ипотекалық несиелеу (20%) мәселелері алаңдатып отыр.

Былтырғы жылға қарағанда облыс тұрғындарының өмір сүру деңгейі жақсарды деп сұралғандардың  47%-ы көрсетсе,  36%-ы сол қалыпты деген.

 Респонденттердің  90,7%-ы ұлт өкілдерінің арасындағы қатынастар «жақсы, жолдастық» деп атап өтті.           

Сауалнамалар нәтижелерін  қорытындылай келе, облыстағы қоғамдық-саяси жағдай бірқалыпты, әртүрлі ұлт өкілдерінің арасындағы достық қарым-қатынас орныққан, тұрғындардың көңіл-күйі позитивті және тұрғындардың басым бөлігі мемлекеттік саясатқа оң көзқараста екендігін атап өтуге болады.

Ағымдағы жылы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы Конституциялық  Заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысында бірқатар жұмыстар атқарылды.    

Алматы облысы әкімінің жанындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері жөніндегі облыстық комиссиясы жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар атқаруда.

Облыс әкімінің жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі облыстық комиссиясымен Қаратал, Алакөл, Сарқан  аудандарының Мемлекеттік рәміздерді насихаттау мен қолдануы жайлы есептері тыңдалып, нақты тапсырмалар берілді. Анықталған кемшіліктер бойынша мемлекеттік мекемелердің басшыларына, аудан және қала әкімдеріне  ҚР Мемлекеттік рәміздердің заң талаптарының орындалуын, пайдалану тәртібін, оның ретін, орны және олардың уақытылы ауыстырылуын, орналастырылуын, барлық іс-шаралардың өткізілуі  бірыңғай жүйеге келтіріліуін, көрнекі үгіт-құралдары   жаңартылуын қамтамасыз ету және қатаң бақылауға алу талабы қойылды.

Алматы облысының ішкі саясат басқармасы  жыл басынан аудандар мен қалаларда Мемлекеттік рәміздер бойынша заң талаптарының орындалуы мақсатында 138 мемлекеттік мекеме  мен 41  білім мекемелерінде  тексеру жұмыстарын жүргізіп, әдістемелік көмектер көрсетті.

Осыған орай, «Алматы облысы бойынша техникалық реттеу және метрология комитеті департаментінің» 2015 жылғы   30 қыркүйектегі №26-7-11-3/571 хатына сәйкес, облыстық басқарма, департамент  басшыларына, аудан және қала әкімдеріне ҚР Мемлекеттік Елтаңбасын сапалы жасауға арналған ұлттық  стандартқа өзгерістер енгізілгендігі жөнінде хаттар жіберілді. 

Жыл басынан басқарма сайтында әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру бойынша материалдар, өткізілген іс-шаралар, акциялар, семинарлар туралы 97  материал орналастырылды. Сайтта орналастырылған ақпараттар күн сайын жаңартылып отырады, басқарма басшысының жеке блогына келіп түскен  азаматтардың өтініштері уақытында қаралып, жауаптар берілуде. Сайттың безендірілуі үнемі жаңартылып, жаңа блоктар, суреттер  қосылуда.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғастырылатын болады

Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының

2015 жылы І жартыжылдықтағы атқарылған жұмыстары туралы

АҚПАРАТ

Алматы облысында  саяси партиялардың облыстық филиалдары және қоғамдық пікір көшбасшыларымен бірге өңірлердегі қоғамдық-саяси ахуалды одан әрі тұрақтандыруға бағытталған есептік кезеңде бірқатар жұмыстар атқарылды.    

 Бүгінгі күні облыс көлемінде республикалық саяси партиялардың     8 филиалдары жұмыс атқарады.  Атап айтсақ, «Нұр Отан», Патриоттар, социал-демократиялық «Ауыл», Коммунистік халықтық, «Ақ жол» демократиялық, Жалпыұлттық социал-демократиялық, Коммунистік  және «Бірлік»  партиялары бар.

Облыс бойынша «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы белсенделігін танытып, олардың 19 аудандық және қалалық филиалдары жұмыс атқарады. Жыл басынан облыстық филиал тарапынан 48 907  адамның қатысуымен барлығы 1018 қоғамдық-саяси іс-шаралар өткізілді.

Қазақстанның Коммунистік Халықтық партияның облыстық филиалының ұйымдастыруымен Ұлы Отан Соғысының 70 жылдығына, балаларды қорғау күніне, соңғы коңырау мерекелеріне байланысты мерекелік шаралар өтті.

Облыстағы қоғамдық-саяси жағдай, сонымен қатар жекелеген азаматтардан келіп түсетін арыздар мен өтініштер уақытында қаралып, қатаң бақылауға алынған. Жыл басынан (02.204.2015ж.) жергілікті атқарушы органдарға Көксу ауданының тұрғындарынан 1 арыз түсіп, тіркелді. Берілген арызға «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Заңының 3 бабының талаптарына сәйкес келмеуіне орай рұқсат берілмеді.

Қазіргі уақытта өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал бірқалыпты.

Соңғы мәліметтер бойынша облыста 344 үкіметтік емес ұйымдар қызмет атқаруда. Облыста тіркелген  үкіметтік емес ұйымдардың 60 пайызы ауылдық жерлерде қызмет атқаруда. Оларға аудан әкімдері, ауылдық округ әкімдіктер тарапынан  жан-жақты  қолдау көрсетілуде.   2015 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға аудан, қалалық деңгейдегі ҮЕҰ-ды қолдау мақсатына  172 млн.тг бөлінді.

2015 жылы     Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы тарапынан жыл сайын өткізілетін әлеуметтік маңызы бар жобалар байқауына  жергілікті  бюджеттен 13 млн. теңге бөлінді. ҚР «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Заңының 5 тарауында көрсетілген бағыттары ескеріліп, сонымен қатар Елбасының және басқа да  жоғарғы мемлекеттік органдардың тапсырмалары есепке алынды. Атап айтсақ, «Қазақстан - 2050» Стратегиялық жоспары негізінде іс-шаралар өткізу және оны насихаттау, Елбасының жыл сайынғы халыққа  Жолдауын насихаттау, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған, гендерлік саясат туралы және басқа да тақырыпта 9 лот белгіленді. Байқау қорытындысы бойынша «Атамирас», «Инновационные практики», Райымбек ауданындағы «Салауат» қоғамдық бірлестіктері, «Здоровый выбор»,  «Жәрдем», «Жетісу жастарының Конгресі» жастар қоғамдық бірлестіктері, «Алматы облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының» және «Zhetysu Global» қоғамдық қорыларының ұсынған әлеуметтік жобалары ең жоғары баллдарға ие болды. Аталған жеңімпаздар арнайы жүйелік кестеге сәйкес 7 семинар, 5 дөңгелек үстел, 10 акция өткізіп, лот аясында  Алматы облысының Азаматтық Альянсының www.ga-Zhetysu.kz сайты ашылды.

Алматы облысының Азаматтық Альянсының жанында үкіметтік емес ұйымдардың  әлеуметтік  маңызды жобаларына мониторинг жүргізу жөніндегі  Қоғамдық Кеңес құрылып, құрамына 17 өңірлік ҮЕҰ-дардың өкілдері еңгізілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы» № 250 өкіміне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2014 жылғы 5 наурыздағы №181 қаулысымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу ережесіне сәйкес «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу облыс бойынша өңірлік іс - шаралар жоспары әзірленіп, іске асырылды.

Конкурсты дайындау және өткізу жөніндегі облыстық ұйымдастыру комитетінің құрамы, конкурстың жеңімпаз - отбасыларын іріктеу критерийлері 2015 жылғы 26 мамырда облыс әкімінің № 237-ө өкімімен бекітілді.

Облыстың аудан, қалаларынан «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына  барлығы 253 отбасы қатысты.

 «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының облыстық деңгейде әр аудан мен қалалардан  тапсырылған өтінімдері мен құжаттары бойынша   78 отбасылардың арасынан лайықты 38 отбасыларын іріктеп алу.    

Сонымен  бірге, 38 отбасынан жүлделі орындарға  лайықты     6 отбасылары белгіленді.

Облыстық турдың  жеңімпаздар отбасылары туралы бейнероликтер түсіріліп, өңірлік бұқаралық ақрпарат құралдары  мен «Қазақстан», «Хабар телеарналарда   орналастырылды.

2015 жылғы 19 маусымда  Алматы облысының атынан жеңімпаз отбасылардың материалдары «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын тағайындау жөніндегі комиссияға  жолданды.

Бүгінгі күні облыста 83 бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс атқаруда. Оның ішінде 70 баспа, 13 электрондық бұқаралық ақпарат құралдары бар.

2014 жылғы 11 қарашадағы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауын талқылау мақсатында облыстық актив отырысы өткізілді.

Жолдауды іске асыру және ақпараттық сүйемелдеу мақсатында облыстық іс-шаралар жоспары мен медиа-жоспар әзірленіп, бекітілді.

Сонымен қатар Жолдауының мәтіні қазақ және орыс тілдерінде басылған 10 000 дана кітапшалар  басылып шығарылды.

Жолдауды тұрғындарға түсіндіру мақсатында құрамында 80 адамы бар облыстық 20 ақпараттық топ құрылып, аудан, қалаларға шығу кестесі бекітілді. 

Сондай-ақ, аудандар мен қалаларда 352 ақпараттық топтар құрылып, жұмыс атқаруда.

Бүгінгі күні ақпараттық топтар 734 елді мекендерде болып, 704867 адамның қатысуымен 1968 кездесулер өткізді.

Облыстық «Жетісу», «Огни Алатау» газеттерінде «Жолдауға-қолдау» атты айдарлар ашылып, облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жалпы 1518 материалдар жарияланды.  

Мемлекеттік стандартына сәйкес Алматы облысында таралатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 4 қызмет көрсетілді.

 2015 жылғы 21-23 наурыз аралығында республикалық «Блогерлер құрылтайы-2015» құрылтай жиыны өткізілді.  

2015 жылдың 25 маусымында облыстық «Жігерлі, ұшқыр жас қалам атты» жас журналистер слеті өткізілді.

Жыл басынан талдау және  мониторинг бөлімі 6 көпшілік сауалнама өткізі. Оларға 6671 респондент қатысты.Облыстағы қоғамдық-саяси ахуал  бірқалыпты, тыныштық жағдай   екенін сауалнамаға қатысқан  респонденттердің 91,7% көрсетіп отыр.

Сонымен қатар, облыс тұрғындарын  бірінші  кезекте   инфляция, бағаның, тарифтердің өсуі (32%), табыс деңгейінің төмендігі (28%),  тұрғын үй, ипотекалық несиелеу (20%) мәселелері алаңдатып отыр.Былтырғы жылға қарағанда облыс тұрғындарының өмір сүру деңгейі  жақсарды деп сұралғандардың  47%-ы  көрсетсе,  36 %-ы сол қалыпты  деген.      Ренспонденттер ұлт  өкілдерінің арасындағы қатынастар «жақсы, жолдастық» (90,7%) деп растаған.

Сауалнама  нәтижесін қорытындылай келе, облыстың аудан, қалаларында қоғамдық-саяси ахуал  бірқалыпты,  ұлт өкілдерінің арасындағы достық қарым-қатынас орныққан, тұрғындардың көңіл-күйі позитивті  және  басым көпшілігі мемлекеттік саясатқа оң  көзқараста екендігін атап өтуге болады. Дегенмен, тұрғындарды инфляция, бағаның, тарифтердің  өсуі, табыс деңгейінің төмедігі, жұмысқа орналасу және өзін-өзі қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейінің өсуі мәселелері   алаңдататынын ескеру қажет. 

Бүгінгі күні басқарманың штаттық саны 15 бірлікті құрайды. Басқарманың құрылымына басшы және оның орынбасары, 5 бөлім басшылары және 7 бас маман мен 1 жетекші маман  кіреді. Басқарма төмендегі бөлімдерден тұрады:

- әкімшілік бөлімі;

- ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімі;

- саяси партиялар және ҮЕҰ-мен жұмыс істеу бөлімі;

- ұйымдастыру жұмысы бөлімі;

- талдау және мониторинг бөлімі;

Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының 2015 жылыдың І тоқсанында атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

Алматы облысында  саяси партиялардың облыстық филиалдары және қоғамдық пікір көшбасшыларымен бірге өңірлердегі қоғамдық-саяси ахуалды одан әрі тұрақтандыруға бағытталған есептік кезеңде бірқатар жұмыстар атқарылды.    

 Бүгінгі күні облыс көлемінде республикалық саяси партиялардың 8 филиалдары жұмыс атқарады.  Атап айтсақ, «Нұр Отан», Патриоттар, социал-демократиялық «Ауыл», Коммунистік халықтық, «Ақ жол» демократиялық, Жалпыұлттық социал-демократиялық, Коммунистік  және «Бірлік»  партиялары бар.

«Нұр Отан» партиясының 19 аудандық және қалалық филиалдары жұмыс атқарады. Қазіргі уақытта партия филиалының тарапынан сайлауалды штаб құрылып, белсенді жұмыстар атқаруда.

Жергілікті атқарушы органдарлың тарапынан сайлауалды үгіт материалдарды орналастыру үшін 792 орын бекітіліп, 379 стенд, 316 тақташалар, 23 тапал тіреулер, 74 көрмелер орнатылды.

Сайлауалды жұмыстарды өткізу үшін үйлерді, шаруашылықтарды  аралауға барлығы 9744 адам жұмылдырылды.

Облыстағы қоғамдық-саяси жағдай, сонымен қатар жекелеген азаматтардан келіп түсетін арыздар мен өтініштер уақытында қаралып, қатаң бақылауға алынған. Қазіргі уақытта өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал бірқалыпты.

Соңғы мәліметтер бойынша облыста 344 үкіметтік емес ұйымдар қызмет атқаруда. Облыста тіркелген  үкіметтік емес ұйымдардың 60 пайызы ауылдық жерлерде қызмет атқаруда. Оларға аудан әкімдері, ауылдық округ әкімдіктер тарапынан  жан-жақты  қолдау көрсетілуде.   2015 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға аудан, қалалық деңгейдегі ҮЕҰ-ды қолдау мақсатына  172 млн.тг бөлінді.

2015 жылы  Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы тарапынан жыл сайын өткізілетін әлеуметтік маңызы бар жобалар байқауына  жергілікті  бюджеттен 13 млн. теңге бөлінді. ҚР «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Заңының 5 тарауында көрсетілген бағыттары ескеріліп, сонымен қатар Елбасының және басқа да  жоғарғы мемлекеттік органдардың тапсырмалары есепке алынды. Атап айтсақ, «Қазақстан - 2050» Стратегиялық жоспары негізінде іс-шаралар өткізу және оны насихаттау, Елбасының жыл сайынғы халыққа  Жолдауын насихаттау, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған, гендерлік саясат туралы және басқа да тақырыпта 9 лот белгіленді. Байқау қорытындысы бойынша «Атамирас», «Инновационные практики», Райымбек ауданындағы «Салауат» қоғамдық бірлестіктері, «Здоровый выбор»,  «Жәрдем», «Жетісу жастарының Конгресі» жастар қоғамдық бірлестіктері, «Алматы облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының» және «Zhetysu Global» қоғамдық қорыларының ұсынған әлеуметтік жобалары ең жоғары баллдарға ие болды. Аталған жеңімпаздарымен келісім-шарттар жасалып, арнайы жүйелі іс-шаралар кестесі әзірленеді.

Бүгінгі күні облыста 85 бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс атқаруда. Оның ішінде 73 баспа, 12 электрондық бұқаралық ақпарат құралдары бар.

2014 жылғы 11 қарашадағы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауын талқылау мақсатында облыстық актив отырысы өткізілді.

Жолдауды іске асыру және ақпараттық сүйемелдеу мақсатында облыстық іс-шаралар жоспары мен медиа-жоспар әзірленіп, бекітілді.

Жолдауды тұрғындарға түсіндіру мақсатында құрамында 80 адамы бар облыстық 20 ақпараттық топ құрылып, аудан, қалаларға шығу кестесі бекітілді. 

Сондай-ақ, аудандар мен қалаларда 352 ақпараттық топтар құрылып, жұмыс атқаруда. 

Бүгінгі күні ақпараттық топтар 734 елді мекендерде болып, 596 654 адамның қатысуымен 1501 кездесулер өткізді.

Аудандар мен қалаларда осы бағытта 76 билборд, 35 аспалы қондырғылар, 92 баннерлер орнатылды. 

Облыстық «Жетісу», «Огни Алатау» газеттерінде «Жолдауға-қолдау» атты айдарлар ашылып, облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жалпы 1027 материалдар жарияланды.  

 2015 жылғы 21-23 наурыз аралығында республикалық «Блогерлер құрылтайы-2015» құрылтай жиыны өткізілді.  

2015 жылдын  І тоқсанында  облыстағы қоғамдық-саяси ахуалды, тұрғындардың көңіл-күйін және мемлекеттік саясатқа көзқарасын  анықтау   мақсатында  әлеуметтік  сұраулар  ұйымдастырылды. Оған облыстың аудан, қалаларынан 1690 адам қатысты

Облыс тұрғындарын  бірінші  кезекте   инфляция, бағаның, тарифтердің өсуі (32%), табыс деңгейінің төмендігі (28%),  тұрғын үй, ипотекалық несиелеу (20%) мәселелері алаңдатып отыр. Былтырғы жылға қарағанда облыс тұрғындарының өмір сүру деңгейі  жақсарды деп сұралғандардың  47%-ы  көрсетсе,  36 %-ы сол қалыпты  деген.    

Ренспонденттер ұлт өкілдерінің арасындағы қатынастар «жақсы, жолдастық» (90,7%) деп растаған.

Сауалнама  нәтижесін қорытындылай келе, облыстың аудан, қалаларында қоғамдық-саяси ахуал  бірқалыпты,  ұлт өкілдерінің арасындағы достық қарым-қатынас орныққан, тұрғындардың көңіл-күйі позитивті  және  басым көпшілігі мемлекеттік саясатқа оң  көзқараста екендігін атап өтуге болады. Дегенмен, тұрғындарды инфляция, бағаның, тарифтердің  өсуі, табыс деңгейінің төмендігі, жұмысқа орналасу және өзін-өзі қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейінің өсуі мәселелері  алаңдататынын ескеру қажет. 

Бүгінгі күні басқарманың штаттық саны 15 бірлікті құрайды. Басқарманың құрылымына басшы және оның орынбасары, 5 бөлім басшылары және 7 бас маман мен 1 жетекші маман  кіреді. Басқарма төмендегі бөлімдерден тұрады:

- әкімшілік бөлімі;

- ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімі;

- саяси партиялар және ҮЕҰ-мен жұмыс істеу бөлімі;

- ұйымдастыру жұмысы бөлімі;

- талдау және мониторинг бөлімі;

Ішкі саясат саласы қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтегі  орташа еңбек өтілі 10 жыл 7 ай. Қызметкерлердің  орта жасы 39,6 - ді құрайды.

Search