Жаңалықтар

«Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан»

XIX ғасырда «қазақ қоғамының айнасы» болған  нар тұлғаның биыл 175 жылдығы. Жауһар жырлары, өсиет сөздері бүгінгі күнге дейін есті ұрпаққа азық екені даусыз. Иә,  сөзімізге арқау болып отырған ол- Абай Құнанбайұлы.

Дала демокартиясын қалыптастыруға ат салысқан кемеңгер жан. Интелектуалды ұлтты қалыптастырушы зиялы қауым өкілі. Расында да, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақалада көрсетілгендей қазақтың Абайы өз заманында «Жаңа қоғамның жанашыры» бола білді. Жаһандану кезеңіне аяқ басқан тұтас әлемнің бүгінгі айтып жүрген сенімділік пен ізгілікке ұмтылу керек деген тұжырымын, кезінде түйдек сөздерімен қазықтай қағып айтып өткен болатын. Абайдың «қара сөздерін» әлемдік мәдениеттің эталоны десек артық айтқандық емес.  Сондықтан барша әлем халықтары «Абай мен Қазақты» егіз ұғым ретінде қабылдаса, біздің ел Абай Құнанбайұлын алғашқы ағартушылардың бірі ретінде қарастырады. Осыдан қарап –ақ ұлты үшін өлшеусіз еңбек сіңірген атпал азамат екенін аңғаруға толықтай негіз бар. Сол себепті де ғасырында бір туатын қазақтың Абайын, ұлттың ұлағатты ұстазының мерейлі тойын өз дәрежесінде атқару керек. Бұл ұлттың тойы. Жәй ғана той тойлауға арналған атаулы күн емес. Ой ойлап, өткенді саралап, болашаққа бағдар жасауға деген бастама деп қабылдау қажет. «Ерінбей еңбектеп жылан да шығады,Екпіндеп ұшып қыран да шығады» деген дала дарынының сөзін басшылыққа ала отырып, биікке ұмтылуға деген құштарлықты арттыру керек. Демек, Абайдың сөздері өрлеуге шақырса, қазақ халқы өркендеудің жаңа қадамын жасауы тиіс.

Search