Жаңалықтар

Алматы облысында ҰОС 64 ардагеріне 1 млн. теңгеден беріледі

Қазіргі елде болып жатқан жағдайға байланысты  алда келе жатқан мерекелер жаңа форматта өтетін болады.Бұл туралы « Jetisy Media» ақпараттық алаңында мәлім болды.

Бүгінгі күні Талдықорған қаласында 10 Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 1452 тыл ардагері, 65 Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жесірі, фашизмнің тұтқыны болған 1 адам бар.

Айтулы мерекенің басты қаһармандары ҰОС ардагерлері назардан тыс қалмақ емес. Барлығына бірдей әлеуметтік, материалдық көмек көрсетіледі дейді Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Сәуле Аманбайқызы.

Жеңістің 75 жылдығына орай, облыстық бюджеттен  Ұлы Отан соғысының қатысушыларына , мүгедектеріне,  барлығы  10 163 адамға 1 жолғы материалдық көмек көрсетіледі. Осы үшін қазынадан  386 млн. теңге қарастырылған. Қазір облыс бойынша 64 Ұлы Отан соғысының  ардагерлері бар , олардың әрқайсысына 1 млн. теңгеден берілді. Алматы облысында 9 еріксіз ұстау орындарының тұтқындары тұрады. Олардың  әрқайсысына    100  000 теңгеден беріледі деп жоспарланған. Қоршау кезінде Ленинград қаласында кәсіп орындар мен ұйымдарында жұмыс істеген  және Ленинград қаласын қорғағаны үшін медальмен марапатталған азаматтарға   60 000  теңгеден төленеді.  Чернобыль апатына қатысқан адамдарға 50 мың теңге беріледі. Жер әсемі Жетісу өңірінде қайтыс болған ҰО соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және жесірлеріне жалпы саны-   9521 адамға 30 000 теңгедентабысталады.  Аталған қаржылай көмекті көрсету үшін бюджеттен 285 млн 630 теңге бөлінген. Жоғары да айтып өткен қаржылар 30 сәуірге дейін ҰОС ардагерлеріне және барлық  санаттағы тұлғаларға  төленетін болады.

Ерліктері ел есінде қалған қарияларымызды ұлықтау мұнымен тоқтамақ емес. Атап айтсақ, Алматы облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы  майдан әндерінен тікелей эфирде онлайн концерт ұйымдастыруды жоспарлаған.  Аталған шараға қатысушы жастардың саны әзірге 28-ді құрап отыр.

Сондай-ақ,  Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы  Мәрлен Қапашұлының айтуынша, 1-ші мамыр мен 9-шы мамыр аралығында облыс көлемінде 1728  онлайн-концерттер мен тікелей эфирлер өтеді.  Және де 25 музей бұл аралықта 417  онлайн-экскурсиялар ұйымдастырад. Ал кітапханалар  1243 онлайн кітап көрмелері мен тарихи сағаттарын өткізетін болады. Сонымен қатар, облыстық ардагерлер ұйымының сұрауымен «Отан үшін от кешкендер» атты кітап  жарық көреді. Сонымен қатар, майдан шебінде орындалған әндерді бір таспаға жинақтап, ҰОС қатысқан ардагерлерге таратып беру көзделген.

Search