Жаңалықтар

Алматы облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының негізгі бағыттарын талқылау мақсатында дөңгелек үстелдің отырысы 2018 жылғы 3 тамызда өтті

Шараның негізгі мақсаты - Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарын талқылау мақсатында облыс аумағындағы саяси партиялардың және қоғамдық ұйымдардың көшбасшыларымен ашық пікір алысу.

Шара аясында Бесбаева Гулнар Әбілханқызы – облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің басшысы, Биғарова Сауле Таскимбаевна – Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясының облыстық филиалының жетекшісі, Сапаров Елдар Қайсарұлы - Алматы облысының Консалтинг орталығының директоры, Митковских Галина – өңірлік коммуникация қызметінің өкілі өз пікірлерін білдіріп, модератор басқарма басшысы Алпысбаев Рустам Әлиұлы қорытынды сөз сөйледі.

 

Search