Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын, «Мәңгілік Ел» идеясын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын ілгерлету туралы Конференция

2017 жылдың 23 қараша күні Талдықорған қаласындағы Тілдер Сарайында «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» ММ әлеуметтік тапсыры аясында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын, «Мәңгілік Ел» идеясын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын ілгерлету туралы конференциясы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы айқын мақсаттарды талқылау, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының басты бағыттарын, мән-маңызын халыққа жеткізу.

Іс-шараға 70-ден астам адам қатысады: белгілі қоғам қайраткерлері, қазақстандық политологтар, эксперттер, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, аудандық, қалалық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың және БАҚ өкілдері.

Ұйымдастырушы: «Алматы облыстық славян қозғалысы» ҚБ.

Search