Жаңалықтар

«Бәсекеге қабілеттілік. Прагматизм. Сананың ашықтығы» атты үкіметтік емес ұйымдарының форумы

2017 жылдың 29 қарашасында Талдықорған қаласының Көрме кешенінде Алматы облысының «Бәсекеге қабілеттілік. Прагматизм. Сананың ашықтығы»  атты үкіметтік емес ұйымдарының форумы өтеді.

Форумға Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері және  халықаралық ҮЕҰ өкілдері қатысады.

Форумда Алматы облысының 2017 жылы жүзеге асырған үздік әлеуметтік жобаларының көрмесі, өңірлердегі әлеуметтік мәселелерді шешу жөнінде танымал спикерлердің сөйлеген сөздері, тиімді әлеуметтік жобалардың нәтижелері, әлеуметтік кәсіпкерлердің  қоғамдық бастамалар мен ұсыныстары және ҮЕҰ қызметі туралы деректі фильм көрсетілетін болады.

28 қараша күні бейресми диалог алаңында азаматтық қоғам белсенділері мен республикалық қоғамдық ұйымдардың, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қоғамдық диалогты одан әрі дамыту, әлеуметтік жаңғырту үдерістеріне азаматтық секторды тиімді тартуға бағытталған кездесу өткізеді.

Форум аясында облыстық ішкі саясат басқармасы және Алматы облыстық Азаматтық Альянсы, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы, Еуразия Орталық Азия Қоры, Enactus Kazakhstan қорымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қояды.

Алматы облысында 2017 жылы іске асырылған ең үздік әлемуметтік жобалар 5 номинация бойынша  ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Алматы облысының Азаматтық Альянсы атынан облыс тұрғындарына «Рухани жаңғыру» аясында рухани жаңару туралы Үндеу қабылданады.

 

Search