Жаңалықтар

Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығы

Бүгін жыр құлагері, қазақтың Үш арысының бірі Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығына орай ақынның туған жері Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында ұлан асар той өтуде.

Жыр дүлдүлінің тойына арнайы 6 метрлік ескерткішінің салтанатты ашылуы өтіп, жалғасы ауданның орталық стадионында жалғасты. Мұнда "Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы" атты кітаптың тұсауы кесіліп, көпшілік назарына "Құлагер" поэмасының сахналық қойылымы ұсынылды.

Жалпы шаралар бағдарламасы 2 күнге жоспарланған. Ертең тойдың жалғасы Талдықорған қаласында 20 томдық жаңа кітаптың тұсау кесерімен, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциямен, палуандар күресі мен бәйгеге ұласады

Search