Жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингі » социологиялық зерттеулер нәтижелерінің таныстырылымын ұсыну

"Рухани жаңғыру" орталығының ғимаратында Ішкі саясат басқармасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментімен бірге «Мемлекеттік қызметтер сапасының қоғамдық мониторингін ұсыну» социологиялық зерттеулер нәтижелерінің таныстырылымы өткізіледі.

Таныстырылым баяндамашылары: Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары - Сабирбаев Данияр Бауржанұлы, «Innovation research» консалттық агенттігінің директоры Сакадиева Жанар зерттеу нәтижелері есебімен, Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету және ақпараттық технологиялар бөлімі басшысының м.а. Мырзабек Елдос Сакенұлы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ Алматы облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті директорының орынбасары - Асылбеков Алмас Жарылқасымұлы, ҚР АШМ Алматы облысы агроөнеркәсіп кешені бойынша аумақтық инспекциясы басшысы - Каджибекова Ажар Елемесқызы.

Іс-шараның мақсаты:

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы 2017 жылғы қорытындысын шығару, орын алған кемшіліктер мен проблемалық сұрақтарды мемлекеттік органдардың өкілдерімен, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдерімен анықтау мен талқылау.

Шараның қорытындысы мемлекеттік органдардың халыққа қызмет көрсету саласының сапасын жақсарту бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу болады.

Іс шара қатысушылары: Мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ және т.б.

Search