Жаңалықтар

«PATRIOT.KZ» РЕАЛИТИ-ШОУЫ

2-апталық реалити-шоу аясында даярланған бағдарлама бойынша бокстан турнир өтіп, Алматы облысының үздік боксшысы анықталады. Сонымен қатар, реалити-шоу аясында Қазақстандағы ең танымал жаттықтырушылармен және спортшылармен кездесулер, Алматы облысының ең көрікті жерлеріне экскурсия, ағылшын тілін үйренудің курстары және қатысушыларға мәдени демалыс ұйымдастыру жоспарлануда.

Реалити-шоу жеңімпаздарына чемпиондық белбеу, қолғап түріндегі құйылған күміс кулоны бар алқа, диплом және басқа бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Басты жеңімпаз бокс меккесіне экскурсия жасау үшін «Freddie Roach» залына АҚШ-қа жолдама алады.

Ұйымдастырушылар: «Алматы облысының студенттер одағы» жастар қоғамдық бірлестігі «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» ММ қолдауымен.

Мақсаты:

Ø қазақстандық патриотизмді насихаттау;

Ø халықаралық келісім;

Ø жастар арасында экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу;

Ø девиантты, маргинальды тұрғындармен жұмыс жүргізу

Міндеті:

Ø жергілікті телеарналардағы телетрансляциялар және ғаламтор (әл.желілер) арқылы көпшіліктің назарына ие болатын, халықты спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануға үгіттейтін реалити-шоу ұйымдастыру;

Қатысушылар: 18-22 жас аралығындағы Алматы облысының аудан, қалаларынан 19 қатысушы.

Search