Жаңалықтар

"Samǵaý-2018": Жетісудың үздік БАҚ өкілдері марапатталды

Талдықорғанда, «Самғау» - журналисттер жүлдесінің жеңімпаздары анықталды. Жылдың басты сыйлығы саналатын байқауда, 11 наминация бойынша 143 материал қабылданған.

Салтанатты шара, мемлекет басшысының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған.

Үздік деп танылған БАҚ өкілдерін облыс әкімі Амандық Баталов марапаттар алдында, барша кешке қатысушыларды келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап өтті – Құрметті журналистер! Баршаңызды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жарқын жетістіктер мен толайым табыстар елім деген әрбір азаматтың көңіліне қуаныш сыйлайды. Ал сол жетістіктерге жетісулықтардың да қосқан үлесі зор. Біз мәдениет пен әдебиет, әлеумет, экономика сынды сан сала бойынша толымды көрсеткіш көрсетіп келеміз. Талдықорған шаһары көрсе көз тоймайтын сұлулыққа ие болды. Құрылыс саласы жанданып, зәулім де әсем ғимараттар сап түзеді. Бұл сіздер мен біздің ортақ жеңісіміз, - деді өңір басшысы.

Сонымен қатар, Облыс әкімі « Самғау» журналистика саласының ардагерлерін, облыс аудандары мен қалалары газеттерінің, телеарналардың, ақпараттық агенттіктер мен интернет-басылымдардың қызметкерлеріннің басын біріктіретін ерекше мереке екендігін атап айтты.

Айта кетейік, Алматы облысы БАҚ өкілдеріне, олардың шығармашылық және кәсіби дамуына барлық жағдай жасауда. Мысалға, тек осы жылы ғана 16 облыстық БАҚ өкілдерінен тұратын топ еліміздің 8 өңірінде болып қайтқан. Оған қатысушылар сакралды Географияны зерделеп, Қазақстанның сакралды географиясы картасына енген 100-ден астам нысанды өз көздерімен көріп зерделеп шыққан. Сондай-ақ, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Беларусь және Украина сияқты көршілес елдердің баспа редакциясына да іс-сапарлар ұйымдастырған. Ерекше атап өтерлік тағы бір жайт, Al-Jazeera халықаралық медиа агенттіктерімен, Euronews, BBC телеарналарымен, NHK Жапон хабар тарату корпорациясымен (ЭНЭйЧКЕЙ) байланыс орнатылып, ынтымақтастық жүргізілуде. Осыған сәйкес, енді Алматы облысының журналистері осы медиа компаниялардың әрқайсысының редакциясына барып, шетелдік әріптестерінен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алмақ.

"Төртінші билік" өкілдерінің пікірінше, "Самғау" сыйлығы – журналистердің өзін-өзі жария ете алатын алаң. БАҚ-тың әрбір қызметкері өз қаламын ұштай түсуіне тамаша мотивация. Марапатталғандардың арасында "Хабар" агенттігінің Алматы облысы бойынша меншікті тілшісі Гүлнар Жантасованың айтынша, ол ұл марапатқа мемлекеттік саясатын сапалы және жан-жақты жариялағаны үшін ие болды.

"Бұл байқау өңір мен республиканың барлық БАҚ өкілдерінің қатысуымен 10 жылдан астам уақыт аралығында өтеді. Алайда, соңғы екі жылда оның мәртебесі тіптен асқақ, мүлдем жаңа форматта. «Самғау» - жас журналистерді ынталандыруға және ең бастысы халыққа шыншыл, сапалы хабар таратуға жетелейтін байқауға айналды десем, тура айтқаным болар", - дейді Г.Жантасова.

Барлық номинациялар бойынша жеңімпаздар тізімін ұсынамыз:

"Баспа басылымының үздік дизайны" номинациясы бойынша»:

1-орын. Чечетова Зарина-қалалық "Талдықорған"газетінің дизайнері.

2-орын. Облыстық "Жетісу" газетінің дизайнері Мұраталинова Мөлдір.

3-орын "Талдықорған" және "Талдықорған ақшамы" газеттерінің дизайнері Садуакасова Айжан.

«Үздік бейне клип»

1-орын. Облыстық "Жетісу" телеарнасының режиссері Мустафаев Данияр.

2-орын. Облыстық "Жетісу" телеарнасының бейне-инженері Тоқымтаев Данияр.

3-орын. Облыстық "Жетісу" телеарнасының дизайнері Белов Александр

"Алматы облысы туралы үздік бейне-блог немесе үздік блогер" номинациясы бойынша»

1-орын. "Atameken Business Channel"сайтында шыққан материал үшін Қажет Андас.

2-орын. Анербай Мәулен-блогер, облыстық "Жетісу"газетінің тілшісі. 3-орын. Кабышева Самал - "Қазақпарат"ақпараттық сайтының меншікті тілшісі.

"Үздік желілік басылым" номинациясы бойынша»:

1-орын. Абылаев Талғат-TINFO (Талдықорған Инфо) ақпараттық сайтының редакторы.

2-орын. Сайт редакторы Taldykorgan-online.kz Сейсенбаев Данияр.

3-орын. Қуаныш ТҰНҒАТАР-облыстық "Жетісу"газеті сайтының редакторы.

"Аудандық, қалалық баспа басылымының үздік тілшісі" номинациясы бойынша»:

1-орын. Нүсіпова Алима-Ескелді аудандық "Жетісу шұғыласы"газетінің тілшісі.

2-орын. Оналбаева Ляйля-Кербұлақ ауданы "Кербұлақ жұлдызы" газетінің редакторы.

3 - орын Ұйғыр ауданының "Қарадала тынысы – Қарадала нәпәси" газетінің тілшісі Сартбаев Думан.

Үздік фототілші " номинациясы бойынша»:

1-орын. Ысқабай Жеңіс - "Рухани жаңғыру"фотогалерея үшін.

2-орын. Жұмабай Мұсабек-облыстық "Жетісу"газетінің фототілшісі. 3-орын. Ерофеев Дмитрий - облыстық "Огни Алатау"газетінің фототілшісі.

"Үздік оператор" номинациясы бойынша»:

1-орын. Байбосынов Олжас - "Хабар 24" телеарнасының операторы "Рухани жаңғыру "бағдарламасы аясында" Мұқали "халықаралық экспедициясы" сюжеті үшін.

2-орын. Қамзин Нәдір, облыстық "Жетісу" телеарнасының операторы "Астанаға 20 жыл"сюжеті үшін.

3-орын Оразалинов Самат - "Қазақстан" телеарнасында "Жетісу ағайын ұлыстың ұлы күнін атап өтті"сюжеті үшін.

"Үздік журналист" номинациясы бойынша (ақпараттық мақала)):

1-орын. Окбаева Айгүл - "Үздік әлемі" атты материал үшін қалалық "Талдықорған"газетінде.

2-орын ТҰНҒАТАР Қуаныш-облыстық "Жетісу" газетінде "миллиард Мойынқұм Мұқали"материалы үшін.

3-орын Молдағалиева Меруерт-облыстық "Жетісу" газетінде жарияланған "Өндіріс пен өнеркәсіп қашан қазақшаланады?".

"Үздік тележурналист" номинациясы бойынша (ақпараттық сюжет).

1 – орын-Жантасова Гүлнар - "Хабар" телеарнасының меншікті тілшісі»

2-орын. Аязбаева Назгүл-облыстық "Жетісу"телеарнасы.

3-орын. Исаева Жазира-облыстық "Жетісу"телеарнасы.

"Алматы облысы туралы үздік республикалық (халықаралық) ақпараттық материал" номинациясы бойынша

1-орын. Малеев Серік - "Текелі: кеше, бүгін және әрқашан" мақаласы үшін "Литер"газетінде.

2-орын. Кабышева Самал - "31 канал"республикалық телеарнасының меншікті тілшісі.

3-орын. Қалмаханбет Мұхаметқали - "Егемен Қазақстан"республикалық газетінің меншікті тілшісі.

Айта кету керек, байқау жұмыстарын өз ісінің хас шеберлері мен журналистика саласының жілігін шаққан тәуелсіз төрешілері бағалаған.

Search