Жаңалықтар

ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАП КЕТТІ

Қапал ауылдық округінде 2014 жылы «Тамшыбұлақ» демалыс лагері 55 орынға арналып ашылған болатын.

Биылғы жылыда өз жұмысын қайта бастаған лагерьдың салтанатты ашылуы болып өтті. Ашылуға аудан әкімі Есім Сейілханұлы арнайы қатысып балалардың жазғы демалысын салтанатты түрде ашып берді,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Жазғы лагерлер –тек демалыс орны ғана емес, үлкен тәрбие мен үгіт-насихат құралы. Сендер лагерлерде жай демалып қана қоймай, әрі денсаулықтарыңды түзеп, қоршаған ортаны танып, еңбекке, достыққа бейімделесіңдер. Туған жерлеріңнің орман –тауын, өзен-көлін, даласын көріп-біліп және оның күллі сұлулығын сезініп, жаңа ортада жаңа достар табасыңдар. Бүгінгі жазғы лагерьдың ашылуымен баршаңызды құттықтаймын , - деді Е.Базарханов

Жыл сайын осы лагерде 300 –ден аса балалар демалады. Биылғы жылы да 311 балаға жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан қаржы бөлініп, 6 кезең бойынша балаларды қабылдауды бастады. Сонымен қатар қазіргі уақытта 34 мектептің жанынан жазғы алаңдар ашылып, онда 3222 бала демалуда.

Осы күні Қапалдықтардың тағы бір қуанышы еселене түсті. «Самрук Казына» қолдауымен ауылдық округке жалпы алаңы 800 шаршы метрды құрайтын балалар және спорт алаңшасы салынып, салтанатты ашылуы болып өтті. Жиынға аудан әкімі Есім Базарханов қатысып ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасты. Жиын соңы аудан әкімдігінен бастап, ауылдық округтің әкімдері және бөлім басшыларынан арнайы 6 команда құрылып жасыл алаңшада фудболдан жарысқа түсті. Сайыс соңы 1 – орынды Қапал жастары алса, 2 – орынды аудандық аурухана және 3- орынды ауылдық округтің әкімдерінен құрылған команда еншіледі.

Search