Жұмыс туралы ақпарат

Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы бойынша 2017 жылдың І жартыжылдығына

Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы бойынша

2019 жылдың  I тоқсанына

АҚПАРАТ

                                                      

Алматы облысындағы қоғамдық-саяси ахуал туралы

Облыстың жергілікті атқарушы органдары тарапынан қоғамдық-саяси ахуалға тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде.

Облыс аумағында 103 этнос өкілдері тұрады, 71-этномәдени орталық, 411-үкіметтік емес ұйымдар, 137-БАҚ, 67-жастар бірлестігі, 6 саяси партияның филиалдары жұмыс істейді.

Облыс аумағында орналасқан 46 ірі және 150-ден астам орта кәсіпорындарға тұрақты түрде мониторинг ұйымдастырылуда.

Рұқсат етілмеген митингілердің, шерулердің алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы органдар тарапынан тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

(Анықтама: 2018 жылы облыстың жергілікті атқарушы органдарына митингілер, пикеттер өткізуге барлығы 23 өтініш түсті; 

2019 жылдың басынан - митинг (9 адам) және пикет өткізуге 4 өтініш берілді, өтініш берушілермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде олар наразылық акцияларын өткізуден бас тартты.

Тұрғындарды толғандыратын мәселелер жергілікті атқарушы органдардың ерекше бақылауында.

Материалдарды, БАҚ-ғы сюжеттерді, әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды, қоғамдық бірлестіктердің, азаматтардың өтініштерін мониторингілеу барысында ағымдағы жылдың басынан 72 резонанстық оқиға анықталды, олардың әрқайсысы бойынша тиісті ден қою шаралары қабылданды және олардың барлығы облыстың әлеуметтік шиеленіс ошақтарының картасына енгізілді.

Жүргізілген талдау жұмыстары барысында облыс тұрғындарын толғандыратын 8 өзекті мәселе анықталды (көп балалы аналардың әлеуметтік мәселелері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автожолдардың сапасы, жолаушылар көлігі, білім беру жүйесімен байланысты мәселелер, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету, репатрианттардың проблемалары, қылмыстар, оқиғалар, ЖКО (ДТП) және т.б.).

Тұрғындардың көңіл-күйі мен әлеуметтік жағдайын зерттеу, облыста болып жатқан жасырын және терең үдерістерді анықтау мақсатында тұрақты негізде әлеуметтік, телефон және интернет сауалнамалар жүргізіледі. Жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері мүдделі мемлекеттік органдарға, аудан, қалалық әкімдіктерге тиісті ден қою шараларын қабылдау үшін жолданады.

Анықтама: бүгінгі күнге дейін талдау және болжау орталығы арқылы түрлі әдістердің көмегімен 16 000респондентті қамтыған 38 сандық және сапалық зерттеу жұмыстары, онлайн-сауалнамалар жүргізілді.

Сауланамалар арқылы өңіріміздегі өзекті мәселелер («Алматы облысындағы қоғамдық-саяси ахуал», «Ұлтаралық қатынастар», «Миграция деңгейі», «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асуы барысындағы қоғамдық пікір, «Облыста орналасқан шетелдік компаниялардағы еңбек ұжымының жағдайы», «Өңірдегі жол сапасы», «Медициналық қызмет көрсету сапасы»)  зерделенді.

Сондай-ақ, "ҚДТ" идеяларына жақын әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың 300-ден астам аккаунты тұрақты негізде бақыланады.

"Жетісу" телеарнасында, облыстық "Огни Алатау", "Жетісу" газеттерінде аудандық және қалалық әкімдіктердің әлеуметтік желілерінде "ҚДТ" экстремистік ұйымының әрекеттері туралы ескерту материалдары орналастырылды.

Сонымен қатар, облыстың көпэтникалық аудандары ерекше бақылауда тұр. Этникаралық шиеленіс ошақтарының туындауына жол бермеу және туындаған жағдайларға дер кезінде ден қою мақсатында әрекет ету алгоритмі әзірленді.

Тұрақты этносаралық жағдайды қамтамасыз ету мақсатында жергілікті және құқық қорғау органдары Ақсақалдар кеңесімен, жигит басы, Қоғамдық келісім кеңесінің өкілдерімен және этномәдени бірлестіктерінің мүшелерімен бірлесіп ауыл және аудан тұрғындарымен профилактикалық іс-шаралар және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Облыс аумағында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар арасында ақпарат алмасу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Анықтама: Алматы облысында барлығы 350-ден астам ойын-сауық орындары жұмыс істейді, оның ішінде 15 түнгі клуб және 334 кафе-бар және түнгі уақытта жұмыс істейтін мейрамханалар.   

Әдетте, мекеменің жұмыс уақыты меншік иелерімен реттеледі.

Алматы облысындағы 9 мекеме "қызыл тәуекел аймағында" болып шықты. Мониторинг көрсеткендей, оқиға  көбінесе таңертең жабылатын мекемелер мен оларға іргелес аумақтарда орын алады.

Мереке күндері облыстық, аудандық және қалалық әкімдіктерде кезекшілік ұйымдастырылады, әкімдік пен құқық қорғау органдары арасында өзара іс-қимыл және ақпарат алмасу жолға қойылған.

 

Азаматтық қоғам институттарының өзара әрекеттестігі туралы

 

Облыс аумағында 1012 үкіметтік емес ұйымдар тіркелген. Олар әртүрлі бағытта (білім беру, әлеуметтік бағытта, жастар саясаты, экология тақырыбында, әскери-патриоттық, салауатты өмір салтын қалыптастыру, гендерлік теңдік және т.б.) жұмыс істейді.  Қазақстан Республикасы ҮЕҰ-дың Дерекқорына өңірдегі 335 ҮЕҰ белсенділік танытып, өз мәліметтерін тапсырды.

Салалық қағидат бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты 5 облыстық басқарма (денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат, жастар саясаты мәселелері және дін істері), 17 аудандық және 3 қалалық ішкі саясат бөлімі іске асырады.

2018 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа барлығы – 253,5 млн.т  бөлінген. Оның ішінде 100 млн.тг – аудандық, қалалық әкімдіктерге.

 Бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері өз салалары бойынша әлеуметтік жобалар тақырыптарын бекітіп, биылғы жылы жалпы 100 әлеуметтік жобаны іске асыру жоспарлануда.

2017 жылдан бастап Алматы облысының ҮЕҰ консалтинг орталығы жұмыс істейді. Орталықтың негізгі міндеті-ҮЕҰ әлеуетін одан әрі нығайту және арттыру, ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылы.

Коммерциялық емес ұйымдардың идеялары мен жобаларын таныстыру, әлеуметтік және қоғамдық маңызды мәселелерді шешуде азаматтық бастамаларды қолдау мақсатында консалтингтік орталық жыл сайын жалпы сомасы 10 000 000 теңгеге "әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесін" өткізеді.

ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жасау мақсатында облыста кеңестер мен форум түрінде 40-тан астам диалогтық алаң жұмыс істейді.

Ең маңыздысы азаматтық форум және әкімдіктер жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестер болып табылады.

Жоғарыда көрсетілген жұмыстар жалғасын табуда.

 

Ақпараттық сүйемелдеу туралы

                                                                         

Облыс көлемінде  Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауына  ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғастыруда.

Оңірлік «Жетісу», «Огни Алатау», аудандық, қалалық баспа басылымдарда «Жолдау - өрлеу өзегі», «Жолдауға қолдау»  айдарлармен «Ел қамы - елдігіміздің кепілі», «Бастама жүйелі жүзеге асырылады», «Новый вектор социальной политики», «В центре внимания - человек», «Главный стимул в работе»  және тағы да басқа тақырыптарда 1315 мақала жарияланды, газеттердің ресми сайттарында 1461 ақпараттық материалдар шығарылды.

Облыстық «Жетісу» телеарнасында жаңалықтар  топтамасынан қазақ және орыс тілдерінде  304 сюжет, 7 ролик көрсетілді. 

Аудандар мен қалаларда  482 көрнекі-үгіт құралдары, оның ішінде 251 билборд, 9 панно, 32 аспалы қондырғы, 190 стенд орналастырылды.

Сондай - ақ, ағымдағы жылдың басынан облыстық  бұқаралық ақпарат құралдарында  жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар тарапынан атқарылып жатқан қызметтер  туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

«Жетісу» телеарнасының жаңалықтар топтамасынан жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде қазақ және орыс тілдерінде 134 сюжет көрсетілді.  «Әкім сағаты», «Тұжырым», «Талқы» бағдарламаларында жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар өкілдерінің тұрақты  түрде сұхбаттары берілуде.

Өңірлік  коммуникациялар  алаңында жыл басынан жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар тарапынан атқарылып жатқан жұмыстары бойынша барлығы 38  спикер сөз сөйлеген 22 брифинг ұйымдастырылды.

Мемлекет басшысының «Нұр Отан» ХДП XVIII съезінде ұсынған «Әлеуметтік қамсыздандыру: онжылдықтың мақсаттары» 2030 жылға дейін партиялық бағдарламаны түсіндірген облыстық имидждік  топтарының мүшелері 48 кездесу өткізді.

Облыстық басылымдарда "Нұр Отан", "Үн қосу" айдарларында облыс тұрғындарының 70 пікірлері, "Жаңғырудың жаңа бағыты", "Ұлт келешегі - ұлы мақсат", "Сапа - басты көрсеткіш" мақалалары, газеттердің ресми сайттарында 79 материал жарияланды.

"Жетісу" телеарнасында 6 ролик, «Жаңалықтар» блогында мемлекеттік және орыс тілдерінде  18 сюжет көрсетілді.

Сонымен қатар, Алматы облысында аналогты эфирлік телерадио хабарларын таратуды өшіру туралы халықты ақпараттандыру мақсатында медиа-жоспар бекітіліп,  ақпараттық материалдар, инфорграфикалар  жарияланды, көрнекі - үгіт  құралдар  орналастырылды.

«Жетісу» телеарнасынан күнделікті эфирден мемлекеттік және орыс тілдеріндегі цифрлық телерадио хабарларын тарату бойынша 8 бейнеролик көрсетілуде.

Цифрлық  эфирлік телерадио хабарларын тарату желісіне қосылу бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бейнероликтер Алакөл, Балхаш, Іле, Панфилов аудандары және Текелі, Қапшағай, Талдықорған қалаларындағы LED-экрандарда және көшедегі бейнемониторларда орналастырылды.

          

Ішкі саяси бағыттар бойынша жоспарлау туралы

Ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты жүйелі түрде жүргізу, өткізілетін шаралардың саяси-идеологиялық бірегейлігіне қол жеткізу мақсатында мемлекеттік ұлттық мерекелер, қоғамдық-саяси маңызды іс-шаралар  жоспарланып, іске асырылды.

Өңірде ішкі саясат саласындағы жұмыстарды жоспарлау, ұйымдастыру, жүйеге келтіру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.

Осы бағытта Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының 2019 жылға арналған іс-қимыл жоспары әзірленіп, бекітілді.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына  «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты  Жолдауын халық арасында түсіндіру бойынша шаралар тізбесіне сәйкес облыста, сондай-ақ облыс, аудан, қалаларда жүйелі кестелер әзірленді.

Сонымен бірге, 2019-2020 жылдарға арналған ҚР Президентінің «Ұлы Даланың жеті қыры»  атты бағдарламалық мақалаласы,  Елбасының «Әлеуметтік камқорлық» жаңа әлеуметтік саясатын іске асыру жөнінде облыс бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп,  жүзеге асуда.

Жолдауда белгіленген міндеттерді ескере отырып өңір бойынша «оқиғалар қатары» және басымдық бағыттары бойынша жоспар қалыптастырылды және оның іске асырылуы  қамтамасыз етілуде.

Облыста Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеу бойынша ұйымдастыру шараларының облыстық  жоспары әзірленді.

Бастамаларды қолдау бойынша (оның ішінде астананың атауын өзгерту туралы)  қоғамдық пікірлері бойынша мониторинг жүргізілді.

2 сәуір - Ааутизм мәселесі бойынша ақпараттарды тарату бойынша Дүниежүзілік күнін өткізу шеңберінде облыстық жоспарға сәйкес шаралар өткізілді.

Жоғарыда аталған іс-шаралар жоспарларды  орындау барысында күнделікті, апталық, тоқсандық есептер  Қазақстан Республикасы  Президентінің Әкімшілігіне  жолдануда.

 Ауғаныстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлердің шығарылғанына 30 жыл толуына арналған облыс   әкімі   А. Ғ. Баталов   Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу  өткізді.

Наурыз– Халықаралық әйелдер күнін, Наурыз мейрамын мерекелеуге  арналған облыстық  іс-шаралар  жоспары  бойынша жұмыстар атқарылды.

 Облыс көлемінде 99 жастағы және 100 жылдан астам әйелдердің тізімі құрылды. «Ғасырға кұрмет» акциясы аясында өткізілген іс-шаралар қорытындысы бойынша есептер берілді.

27-29 наурыз аралыгында баспасөз Үйінде «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру үшін кадрларды интенсивті оқыту»  тақырыбында семинар өткізілді . 

Басқарма бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен мәселелер жөнінде облыс әкімінің хаттамалық тапсырмалары орындалып,  әр аптаның соңына жинақталып, ақпарат берілуде.

Облыстық аудан, қалаларында өткізілген барлық шаралар тұрғындардың басым көпшілігіне оң ықпалын тигізіп, жалпы халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін жоғарылатуға өз септігін тигізуде.

Сондай-ақ, ел бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету барысында азаматтық қоғам институттарымен, өңірдің қоғам жұртшылығының өкілдері шараларға тартылуда.

 

 

Ішкі  саясат саласындағы талдау және мониторинг

жұмыстары  туралы

                                                                     

Әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтау және оны тереңдеп талдау арқылы стратегиялық шешімдер қабылдауды қолдау мақсатында  «Талдау және болжау» орталығы құрылды.

«Талдау және болжау» орталығы дағдарыстық не болмаса төтенше жағдайларды басқару, күнделікті жедел сараптау, Алматы облысының әлеуметтік-саяси жағдайын және әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау және болжау, социологиялық және интернет сауалнама жүргізу, фокус-топтық пікірталас ұйымдастыру, жасырын процестерді анықтау бойынша сараптамалық талқылаулар, әлеуметтік және саяси шиеленістер тудыратын себептер мен факторларды  қабылдау сынды шешімдерді жүзеге асырады.

Жоғарыда келтірілген кезеңдер бойынша «Талдау және болжау» орталығы әртүрлі тақырыптар бойынша (қоғамдық саяси ахуал, этносаралық қатынастар, және т.б.) 5-нан астам социологиялық зерттеулер жүргізді. Оған 4 000 - ден астам тұлға (респондент) қатысты.

Халықпен қарым-қатынасты күшейту мақсатында WHAT’S UP әлеуметтік желісі арқылы ақпаратты жылдам алу үшін белсенді топ қызметін құрылды.

Әлеуметтік шиеленіске жол бермеу үшін аудан, қала әкімдіктері әр апта сайын аймақтағы әлеуметтік-саяси жағдай туралы ақпарат беріп отырады.

 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы Конституциялық  Заң талаптарын орындау мақсатында облыс әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес Карасай, Талғар  аудандарында 46 мемлекеттік мекеме мен білім ұйымдарында мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталуына қадағалау жүргізіліп, әдістемелік  көмек көрсетілді.

Сондай-ақ, комиссия жұмысы шеңберінде мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік рәміздердің заңға сәйкес қолданылуын қадағалау бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті өкілдерімен бірлескен тексерулер жүргізіліп, рәміздердің дұрыс қолданылуы  бойынша әдістемелік  көмек көрсетілді.

 

                                    Кадр жұмысы бойынша

 

2019 жылға  облыстық ішкі саясат басқармасының штат санының лимиті 15 адамды құрайды, оның ішінде басқарма басшысы – 1, басқарма басшысының орынбасары – 2, бөлім басшысы – 5, бас маман – 6, жетекші маман – 1.

Басқарманың барлық қызметкерлерінің білімі жоғары, оның ішінде: философия докторы  (PhD) – 1, педагогика ғылымдарының кандидаты – 1, екі жоғары білімі бар – 4. Қызметкерлердің орта жасы – 40, ерлер – 3, әйелдер – 12. Басқармада 3 жылдан астам істеген қызметкерлер саны – 9 адам.

2019 жылға арналған қайта даярлау және біліктілігін арттырудың жоспар-кестесіне сәйкес 4 қызметкер оқуға бару жоспарланған, 1 қызметкер біліктілігін артырып, сертификатталды.

Бүгінгі күні басқармада тұрақты вакансиялар жоқ.

 

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы                                         Р. Алпысбаев

 

 

Search